20.08.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астанада өткен Smart Water Zone және Smart Plastic Zone жобаларына қатысушылардың кездесуінде суды ұтымды пайдалану, пластик қалдықтарын азайту және қызметкерлерді экологиялық бастамаларға тарту мәселелері негізгі тақырыптар ретінде қаралды.
Іс-шара бизнес, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Оған «Бәйтерек» холдингінің атынан басқарушы директор Алия Мурзагалиева қатысты.
Қатысушылар алдында ол Холдингтің тұрақты даму саласындағы жұмысы туралы айтып, экологиялық мәселелерді талқылаудан нақты шешімдерді енгізуге көшудің маңыздылығын атап өтті.
«Тұрақты даму мәселелері Холдингтің Қоғамдық кеңесінің басты назарында. Бүгінде экологиялық сын-қатерлерді талқылап қана қоймай, суды ұтымды пайдалануға, пластик тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал ететін нақты шешімдерді енгізу маңызды. Экологиялық мәдениетті дамыту дәл осындай практикалық қадамдардан басталады», - деп атап өтті.
Бұған дейін Холдинг тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге және экологиялық жобаларды қолдауға бағытталған Smart Zone бастамаларына қосылған болатын.
Кездесу барысында қатысушылар суды пайдалану тиімділігін арттыру, пластик ізін азайту, сондай-ақ қызметкерлер мен халықты экологиялық бастамаларға тарту тәжірибелерімен бөлісті.