06.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ цифрландыру стратегиясын іске асыру шеңберінде 7077 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды.
Байланыс орталығының мақсаты - клиенттерге ақпарат, кеңестер алу және мәселелерді жедел шешу үшін бірыңғай терезе ұсыну арқылы Холдингпен және оның еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету.
7077 бірыңғай нөмірі бойынша Холдингтің еншілес ұйымдарының өнімдері мен қызметтері бойынша және «Bgov» бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын пайдалану бойынша кеңес ала аласыздар, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары туралы өзекті ақпарат ала аласыздар.
ҚР барлық мобильді операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін.
Бәйтерек холдингі Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ете отырып, бизнес пен мемлекет үшін сенімді серіктес болуға деген ұмтылысына адал болып қала бермек.