Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

21.02.2025

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын қолдаудың 2024 жылғы қорытындыларын таныстырды

Кеңес ал!

13.02.2025

«Бәйтерек» холдингі баспасөз қызметтерінің ақпараттық жұмысы бойынша кездесу өтті

«Бәйтерек» холдингі баспасөз қызметтерінің ақпараттық жұмысы бойынша кездесу өтті

12 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы Жанжігіт Омарханның төрағалығымен еншілес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен жиналыс өтті.

Кездесу барысында қатысушылар 2025 жылға арналған медиажоспарды, ақпараттық жұмыстың негізгі бағыттарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«Бүгінгі ақпараттық кеңістік жеделдік пен ашықтықты қажет етеді. Біз тек сапалы контент ұсынумен шектелмей, БАҚ өкілдерімен де ашық форматта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана аудиторияға сенімді ақпаратты уақытылы жеткізе аламыз. Бәріңізден осы сұраймын және жұмыс барысында талап етемін», – деді Жанжігіт Омархан.

Жиналыс барысында басымдық берілетін БАҚ тізімін қалыптастыру және олармен өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар негізгі ақпараттық алаңдармен жұмысты күшейту арқылы Холдингтің қызметін кеңінен таныту және ашықтықты арттыруға бағытталған қадамдарды айқындады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар