04.03.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
3 наурызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қытай Халық Республикасымен белсенді ынтымақтастық шеңберінде алғаш рет Қытайдың Сауда-өнеркәсіп Банкінен (ICBC) юаньмен банктік қарыз алды.
Бұл стратегиялық қадам Холдингке халықаралық нарықтағы өз ұстанымын нығайтуға, валюталық тәуекелдерді әртараптандыруға және жаңа жобаларды дамыту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді күшейтуге мүмкіндік береді. Қытайдың ұлттық валютасында қарыз тарту қытайлық серіктестермен және өнім берушілермен ынтымақтастық үшін қосымша перспективалар ашады, сондай-ақ экспорттық және импорттық операцияларды кеңейтуге ықпал етеді.
«Юаньмен несие алу – Холдинг үшін қаржы құралдарын әртараптандыру және Қытаймен экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам. Біз ICBC банкімен ынтымақтастық еліміздің негізгі салаларын қаржыландыру және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деп атап өтті Холдингтің Басқарма Төрағасы.
Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкімен (ICBC) ынтымақтастық сонымен қатар Қытайдың қаржы секторының Холдингке және оның тұрақты дамуына деген сенімін растайды. Тартылған қаражат біздің өнімдеріміздің Қытай Халық Республикасына экспортын одан әрі ұлғайту үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік секторын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Қытай қаржы институттарымен өзара іс-қимылды кеңейту Холдингтің халықаралық позицияларды нығайту және жаһандық нарықтарда әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді.
ICBC - Қытай мен әлемдегі ең ірі коммерциялық банк. Қытайдың ең ірі банктерінің «Үлкен төрттігіне» кіреді және Қытайдың банк секторының бестен бір бөлігін бақылайды.