Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

26.12.2024

«Бәйтерек» холдингі аграршыларды қаржыландыру мақсатында алғаш рет ESG облигацияларын шығарды

26.12.2024

«Бәйтерек» холдингі аграршыларды қаржыландыру мақсатында алғаш рет ESG облигацияларын шығарды

«Бәйтерек» холдингі аграршыларды қаржыландыру мақсатында алғаш рет ESG облигацияларын шығарды

2024 жылғы 26 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ KASE алаңында жалпы көлемі 100 млрд теңге болатын дебюттік «әлеуметтік» облигацияларын орналастырды.

Тартылған қаражат «Кең дала 2» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КЕЖЖ) жүргізуге бағытталады.

Аталған ESG шығарылымы тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді және фермерлерге КЕЖЖ уақытылы жүргізу үшін жеңілдетілген несие беруді қарастырады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Жеңілдетілген несиелер КЕЖЖ үшін алдын ала беріледі, бұл фермерлерге агротехникалық шараларды уақытылы жоспарлап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі КЕЖЖ жүргізуге 280 млрд теңге бөлген.

«Әлеуметтік» облигациялар – бұл әлеуметтік мәселелерді жеңілдетуге және әлеуметтік салаға оң әсер ететін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған корпоративтік облигациялар.

Дебюттік шығарылым аясында Холдинг тұрақты даму саласындағы Бағдарламаны бекітіп, АХҚО Жасыл қаржы орталығынан (AIFC Green Finance Centre) оң қорытынды (Second Party Opinion) алды.

Шығарылым бойынша қаржылық кеңесшілер мен андеррайтерлер ретінде «Halyk Finance» АҚ және «Jusan Invest» АҚ қызмет атқарды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар