19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ немістің ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын екі жетекші компания – CLAAS және HORSCH Maschinen GmbH-пен келісімдер жасасты. Осы келісімдер шеңберінде Қазақстанда аграрлық секторға арналған жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ашу жоспарланып отыр.
CLAAS-пен кездесуге Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы CLAAS аймақтық орталығының бас директоры Майкл Бейер және Аймақтық сату менеджері Алексей Зонин қатысты. HORSCH Maschinen GmbH делегациясын Басқарушы директор Корнелия Хорш бастап келді, сондай-ақ компанияның аймақтық директоры Клут Йоханнес Мартин және басқа өкілдері қатысты. «Бәйтерек» холдингі тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов, Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің директоры Руслан Төлегенов және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан Қосман қатысты.
Кездесулер барысында ынтымақтастық келешегі талқыланды, нәтижесінде екі негізгі келісімге қол қойылды:
«Біз CLAAS және HORSCH сияқты әлемдегі жетекші өндірушілермен стратегиялық ынтымақтастықтың басталғанына қуаныштымыз. Олардың техникасын Қазақстанда өндіру елдің аграрлық секторының дамытып қана қоймай, ауыл шаруашылығы процестерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға елеулі үлес қосады. Бұл келісімдер қазақстандық фермерлердің заманауи технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов.
Қол қойылған келісімдер «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылады және Қазақстанның аграрлық секторын заманауи техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.
Анықтамалық ақпарат
CLAAS KGaA mbH – ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания 1913 жылы құрылған және Еуропада астық жинайтын комбайндар және әлемдік нарықта жем-шөп жинайтын машиналар өндірісінде жетекші орын алады. CLAAS әлемнің 140 елінде 14 зауыты мен өкілдігі бар.
HORSCH Maschinen GmbH – әлемдегі ең ірі ауылшаруашылығы техникаларын өндірушілердің бірі, 1984 жылы құрылған. Егін егу, топырақ өңдеу мен егінді қорғау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуге маманданған. HORSCH ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз ететін озық технологияларды белсенді түрде енгізіп келеді.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – Қазақстан экономикасын дамытатын жетекші институт. Холдинг қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ел экономикасына инвестициялар тартуға бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық серіктестермен белсенді қарым-қатынас жүргізеді.