30.11.2022

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Француз Республикасына барды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Француз Республикасына барды
     Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына ресми сапармен барды. 
     Сапар шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Total Energies, Soufflet Group, BPI France, Alstom, Airbus, Rungis Semmaris және т.б. ірі компаниялардың басшылары қатысқан «Қазақстан-Француз инвестициялық дөңгелек үстеліне» қатысты. 

WhatsApp Image 2022-11-30 at 14.03.45.jpeg


     Дөңгелек үстел барысында Ұлттық холдинг басшысы Холдингтің елдің экономикалық дамуындағы қызметі мен рөлі туралы айтып, экономиканың түрлі салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына ерекше тоқталды. 
     «Холдингтің миссиясы - Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және оның тұрақты дамуына тиімді үлес қосу. «Бәйтерек» өзінің сегіз еншілес компаниясы шеңберінде индустриялық-инновациялық дамуды, ұлттық өнім экспортын ілгерілетуді, шағын және орта кәсіпорындарды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс секторын дамытуды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Холдинг басшысы.
      Сонымен қатар, Қ. Шарлапаев Credit Agricole, Rungis, Societe Generale, Вpifrance, AFD сияқты Франция Республикасының бизнес қоғамдастығының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 14.03.46.jpeg


     Тараптар өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты қарастыру үшін бизнес-диалогты жалғастыруға ниет білдірді.
     Айта кетейік, Қазақстан мен Франция экономикалық қызметтің түрлі салаларында белсенді ынтымақтасуда, ғылым, білім, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттар салаларын бірлесіп дамыта отырып, инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруда.  

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар