23.03.2020

Қазақстандықтарға ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыру ұсынылады

Қазақстандықтарға ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыру ұсынылады

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қал-дыруды ұсынады.

 

Ағымдағы жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объ-ектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) бар-лық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

 

Кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

 

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласула-рыңызды сұраймыз:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар