Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

16.05.2022

Қазақстанда жеңілдікпен автокредит беретін жаңа бағдарлама іске қосылды

Қазақстанда жеңілдікпен автокредит беретін жаңа бағдарлама іске қосылды

Қазақстанда жеңілдетілген автокредит берілетін жаңа бағдарлама басталды. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» бизнес орталығының ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

 Бағдарламаны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі. Ол арқылы әрбір қазақстандық жеңілдетілген кредит бойынша отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігін сатып ала алады.

 Бағдарламаның операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) еншілес ұйымы). Қаржыландыру «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен жүргізіледі, оның жалпы сомасы 100 млрд теңгені құрайды.

 Халыққа жеңіл автомобиль алуға кредит мынадай шарттармен беріледі: 

 - сыйақы мөлшерлемесі 4%;

- кредит сомасы 10 млн теңгеден аспайды;

- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

- бастапқы жарна 0%-дан бастап;

- қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алу;

- көлік құралының құны 15 млн теңгеден аспайды.

 Мына коммерциялық банктер – Еуразиялық Банк, ЦентрКредит Банк, Халық Банкі және Forte bank кредит береді. Бұл тізім түпкілікті емес, екінші деңгейдегі банктерден келіп түскен өтінімдердің қаралуына қарай, ӨДҚ бағдарламаға қатысушы серіктестерді қосып отырады.

 Қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, түпкі қарыз алушыны қаржыландыру мерзімінің мәртебесін қадағалау үшін ЕДБ-де міндетті түрде автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

 Сондай-ақ, бір қарыз алушы екі жыл ішінде бір рет қана қаржыландырылады.

 ҚР Үкіметінің қаулысы 2022 жылғы 15 сәуірде жарияланды, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

 Айта кетейік, бұл бағдарлама 30 жылға арналған және «револьверлік жүйе» бойынша жұмыс істейтін болады, яғни бір адамның кредитті өтеуге төлеген сомасы басқа адамға кредит беруге жұмсалады.

 Операторлар ӨДҚ-ның жаңа бағдарламасы ҚДБ-ның қолданыстағы бағдарламасынан кредит беру шарттары бойынша ерекшеленетінін атап өтті. Жаңа бағдарламаға қатысу үшін кезек жаңадан қалыптасады, бұл ретте ескі бағдарлама шеңберінде кезекте тұрғандар жаңасына да қатыса алады. 

 Баспасөз мәслихатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков, «ӨДҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров, «ӨДҚ» АҚ Басқарушы директоры Ғалымжан Әди, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева, сондай-ақ ЕДБ өкілдері қатысты. 


Жеңілдікпен кредит беру бағдарламасына қалай қатысуға болады:

 1. Тұтынушы дилерлік автоорталыққа барып, отандық өндірістің автомобилін таңдайды; 

 2. Дилерлік автоорталықтың өкілдері қарыз алушыға 5 банктік күннен аспайтын мерзімге төлем шотын береді, онда міндетті түрде VIN код көрсетілуі тиіс;

 3. Тұтынушы VIN код көрсетілген төлем шотын алып, Банкке жүгінуі қажет;

 4. Банк тұтынушының өтінімін қабылдаған сәттен бастап оны өзінің электрондық кезегіне қояды;

 5. Банк тұтынушының төлем қабілеттілігін бағалап, кредиттік тарихын қарайды. Оң шешім қабылданған жағдайда, Банк кредит беруді мақұлдап, 5 банктік күннен аспайтын мерзімге кепілдік хат береді. 

 6. Кепілдік хатты алғаннан кейін тұтынушы автокөлікті ресімдеу үшін дилерлік автоорталыққа баруы тиіс.

 7. Егер тұтынушы кепілдік хатты алған сәттен бастап 10 банктік күн ішінде банктік қарыз шартын ресімдемесе, тұтынушы кезектен шығарылады.

 Айта кететіні, тұтынушы өтінім бергеннен кейін таңдаған автомобильінің маркасы мен моделін өзгерте алмайды немесе кезектегі орнын басқа жеке тұлғаға бере алмайды. Бас тартылған жағдайда, қарыз алушы электрондық кезектен шығарылады және оның орнына жаңа қатысушылар қосылады. Бұл бағдарламаға бір тұтынушы 2 жылда 1 рет қана қатыса алады.

 Төлем қабілеттілігін тексерумен және автоқарыздарды мақұлдаумен екінші деңгейдегі банктер (серіктес банктер) айналысады. Банк өтінімді мақұлдағаннан кейін оның мәртебесін тұтынушы өзі «ӨДҚ» АҚ-ның қатысуынсыз тиісті Банктің платформасында (онлайн кезек) қадағалайды.

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар