10.11.2021

Асқар Рахимов: Ауылдың тұрмысы жақсарып жатса, бұл мен үшін қуаныш

Асқар Рахимов: Ауылдың тұрмысы жақсарып жатса, бұл мен үшін қуаныш

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап бастаған «Тәуелсіздік құрдасы» атты айдарын жалғастыруда. Бүгінгі күннің кейіпкері – Аграрлық несие корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Рахимов.

 Биыл – еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл мерейтойды мемлекетіміз ғана емес, тәуелсіздік құрдастары да атап өтуде.

 Асқар Рахимов – елмен бірге биіктерді бағындырып келе жатқан тәуелсіздіктің құрдасы. Ол қазір Аграрлық несие корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып жүр. 10 жылдан астам тәжірибесі бар жас маман, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

 - Мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абай ауылында дүниеге келдім. Ауылда тоғызыншы сыныпқа дейін оқыдым. Содан кейін Қарағанды қаласындағы колледжге банк ісі мамандығы бойынша түсіп, кейін университетте оқуымды жалғастырдым. Ақылы түрде оқыған соң, ата-анама ауыртпашылық салмау үшін университеттің 1-курсын бітіре салысымен, сырттай оқуға ауысып, жұмысқа орналастым. Жұмысым оқуыма еш кедергісін тигізген жоқ. Сол кезде максималды GPA 4 балл болатын, ал мен барлық студенттердің арасында 3,97 балмен екінші орында болдым.

Балаларын өз қатарынан қалдырмау үшін аянбай еңбек еткен әкесі мен анасына ерте жұмыс істеп көмектескен Асқар, еңбектің қадірін жақсы түсінеді.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында орын алған өтпелі кезеңнің қиыншылықтары есімде. Барлығы шамасы келгенше табыс тауып, шаңырағын асырауға тырысатын. Ал қазіргі уақытта кез-келген отбасы өз жағдайын жақсартамын десе, оған мүмкіндіктер жеткілікті. Оның барлығы бейбіт өміріміздің берекесі. Қазір қайда білім аламын, қызмет істеймін десең өз еркің. Осындай мүмкіндіктердің арқасында, бүгін мен қызметте көтеріліп, жас орынбасарлардың бірі болып отырмын. Бұл дәрежеге кез-келген жас маман жете алады деп ойлаймын. Тек ерінбей еңбек ету керек. Өйткені жастардың жан-жақты қалыптасуына барлық жағдай жасалған.

- Өз басым еңбегімнің кредиттік серіктестіктен басталуы жай емес сияқты деп ойлаймын. Қарапайым ауыл азаматы іс бастауға ниет білдіріп келгенде, бір жақ бүйрегім бұрып тұрады. Өйткені бала кезімнен ауыл тіршілігімен етене өскен соң, оларды жақсы түсінемін. Ауылдың тұрмысы жақсарып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатса, бұл мен үшін қуаныш. Олардың істерінің өрлеуіне қол ұшын тигізіп жатқаныма мақтанамын. Еліміздің күн санап дамуы, біздің саламызға да айтарлықтар өзгерістер әкеліп жатыр. Мысалы бүгін біз ауыл-аймақтарды шет елдерден әкелінетін озық үлгідегі техникалармен қамтамасыз ете аламыз. Ол шекараның ашықтығы мен мемлекетіміздің сыртқы қарым-қатынасты нығайтып, сенімді байланыстар орната алуының арқасы.

- Қазір менің өз отбасым, екі балам бар. Ойы толысқан отыз жасқа да келдім. Осы кезде мен қандай шыңдарға жеттім, қай жерде сүріндім деген сияқты ойлар келіп, өткен өміріңе көз жүгіртеді екенсің. Сол сияқты біздің мемлекетіміздің де осы уақыт аралығында жіберген кемшіліктері мен артықшылықтары болды. Бірақ қателеспейтін жүйе жоқ. Қазір біз тек таза қара бастың қамын ойлап қана қоймай, әрбіреуіміз еліміздің көркеюіне белсене ат салысу керекпіз. Себебі оған дейін еліміздің қалыптасу кезеңі болды, ал енді даму жолы басталды. Киелі шаңырағымызды бағалайық. Тәуелсіздік тұғырымыз берік, егемендігіміз нұрлы болсын!

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар