Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

16.07.2024 16:53:00

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

17.11.2022

Андрей Тимченко «Bereke Bank» АҚ басшысы болды

Андрей Тимченко «Bereke Bank» АҚ басшысы болды
2022 жылғы 17 қарашада «Bereke Bank» АҚ-ның негізгі акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Андрей Игоревич Тимченконы «Bereke Bank» АҚ Басқарма төрағасы етіп тағайындады. Андрей Тимченко 2022 жылдың 11 шілдесінен бері банкті басқарған Нұрсұлтан Ғабділ-Мәжитұлы Тасқарановтың орнына келді.

Нұрсұлтан Тасқаранов банкте 2002 жылдан бастап жұмыс істеді және соңғы 10 жыл бойы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Оның басшылығымен банк командасы маңызды және ірі жобаларды іске асырды, өндірістік процестерді автоматтандыруға және клиенттер үшін банк өнімдерін шығаруды жеделдетуге мүмкіндік берген цифрлық трансформация жүргізілді, жеке және заңды тұлғаларға арналған жаңа мобильдік қосымшалар жасалды. Жұмыс істеген уақытында Нұрсұлтан Тасқаранов банктің дамуына елеулі үлес қосты, бірнеше рет жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, өзін білікті басқарушы ретінде танытты.

Андрей Тимченко 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» біліктілігімен бітірген, сондай-ақ Harvard Business School және London Business School сияқты америкалық және еуропалық жетекші университеттерде бірқатар бағдарламаларды тәмәмдады. 

А. Тимченко еңбек жолын 1997 жылы Ernst & Young салық кеңесшісі болып бастады. 1998-2013 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ-да Инвестициялық банкинг департаментінің 2-санатты маманынан бастап басқарушы директор мен Басқарма мүшесіне дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.  

2013 жылдың қазанынан 2016 жылдың маусымына дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары болды, бөлшек бизнес мәселелеріне жетекшілік етті.  2016 жылдың маусымынан 2022 жылдың мамырына дейін «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-да бас басқарушы директор-Басқарма мүшесі және Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. Андрей Тимченко 2022 жылдың мамырынан маусымына дейін «Есо Center Bank» ЕБ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар