Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

31.08.2022

Қанат Шарлапаев германиялық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Берлинде «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қанат Шарлапаев германиялық бизнесмендерді Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Берлинде «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті
   31 тамызда Берлинде кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ отандық экономикаға Германиядан инвестиция тарту мақсатында «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңесінің 13-отырысы өтті. Іскерлік кеңестің отырысы «Климаттың өзгеруі, логистика және азық-түлік қауіпсіздігі – жаңа дәуірдің сын-қатері» тақырыбына арналды, онда адамзат пен бизнестің жаһандық өзекті мәселелері талқыланды. 
   Іскерлік кеңестің отырысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңесінің Германия тарапынан тең төрағасы, «Deutsche Bahn AG» халықаралық даму жөніндегі директоры Нико Варбанофф, екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдері, сондай-ақ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бастаған «Бәйтерек» холдингінің делегациясы қатысты. 
   Қанат Шарлапаев өз сөзінде: «Бүгінде Қазақстанда машина жасау, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен (АӨК), энергетика, газ химиясы, тау-кен-металлургия кешені және басқа да секторларда германдық капиталдың қатысуымен 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен бірге, қазіргі геосаяси сын-қатерлер жағдайында «Бәйтерек» холдингі азық-түлік қауіпсіздігіне, логистикаға және баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше көңіл бөледі», - деп атап өтті.
   Сондай-ақ, Холдинг басшысы германиялық әріптестеріне Холдингтің портфельдік компаниялары арқылы көрсетілетін қолдау туралы, инвестициялық жобаларды іздеу, тарту және сүйемелдеу бағытында инвесторлармен және бизнес-қоғамдастықпен белсенді жүргізілетін жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
   Сөз соңында Қанат Шарлапаев Германияның да, Қазақстанның да іскерлік қоғамдастығының өкілдерін ауқымы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржы институттарының қолда бар құралдарын пайдалануға шақырды. «Холдинг, өз кезегінде, Қазақстан-Германия бизнесінің іскерлік бастамаларына сенімді серіктес болуға және қаржыландыру мәселелерде қолдау көрсетумен қатар, Қазақстаннан серіктестер табуға, жобаларды құрылымдауға және ірі инвесторларды тартуға жәрдемдесуге дайын», - деп түйіндеді Холдинг басшысы. 
   Өз кезегінде, Іскерлік кеңестің Германия тарапынан тең төрағасы, «Deutsche Bahn AG» халықаралық даму жөніндегі директоры Нико Варбанофф талқыланған тақырыптардың маңыздылығын және Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін атап өтті. 
   «Қазақстан-Германия» іскерлік кеңесінің отырысы шеңберінде Қанат Шарлапаев ГФР Сауда-өнеркәсіп және сыртқы сауда палаталары қауымдастығының Басқарма мүшесі, доктор Фолькер Трайермен екіжақты кездесуге қатысты.
 
WhatsApp Image 2022-09-01 at 08.51.36.jpeg

   Сондай-ақ, Германия экономикасының шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармспен екіжақты кездесу болды.

WhatsApp Image 2022-09-01 at 08.51.55.jpeg

   Жалпы, Берлинде өткен кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел делегациялары тараптардың Қазақстан-Германия экономикалық ынтымақтастығын одан әрі қарқынды кеңейтуге және тереңдетуге дайын екенін растады.

   Анықтама үшін: Іскерлік кеңес үйлестіруші және консультациялық орган болып табылады, оның қызмет саласына ҚР мен ГФР-дің ұйымдары мен бірлестіктері арасындағы іскерлік байланыстардың тиімділігін арттыру жатады. Іскерлік кеңестің міндеттеріне Қазақстан мен Германия компаниялары арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тереңдету, екі елдің компаниялары мен іскер топтар бірлестіктері арасындағы тікелей байланыстарды және тікелей ақпарат алмасуды қолдау кіреді.
   Германия статистикасының деректеріне сәйкес, тауар айналымы 32,3%-ға өсіп, 2021 жылы 5,1 млрд. еуроны құрады. Нәтижесінде неміс нарығына ұсынылған қазақстандық өнім 52,4%-ға өсті. ҚР экономикасына Германия құйған инвестициялардың 90%-дан астамы «шикізаттық емес» секторға, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, құрылыс материалдарын өндіруге, көлік пен агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар