18.08.2023

3000 жаңа жартылай вагон Қазақстанның теміржол тасымалы паркін толықтырады

3000 жаңа жартылай вагон Қазақстанның теміржол тасымалы паркін толықтырады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес құрылымы «Қазтеміртранс» компаниясы 3000 жаңа жүк жарты вагонын сатып алады.

Жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен іске асырылады.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінде көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы отандық теміржол машинасын жасауды дамытуға баса назар аудара отырып, теміржол паркін нығайту және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Қазіргі таңда теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның физикалық тозуы 57%-ға жетеді, ал қызмет ету мерзімі 30 жылдан асады. 2030 жылға дейін 14 мыңнан астам вагон пайдаланудан шығарылады деп күтілуде, осыған байланысты паркті жүйелі түрде жаңартып отыру маңызды. Жаңа жартылай вагондар компанияның жартылай вагондар паркін 10%-ға жаңартуға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде «Қазтеміртранс» сатып алатын жартылай жүк вагондары халықаралық және республикаішілік бағыттарда жүктерді тасымалдау үшін, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауда пайдаланылатын болады.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар