Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

31.08.2026

«Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесі Холдингтің 2025 жылғы Жылдық есебін және орнықты даму туралы есебін бекітті

Кеңес ал!

31.08.2026

«Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесі Холдингтің 2025 жылғы Жылдық есебін және орнықты даму туралы есебін бекітті

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесі Холдингтің 2025 жылғы Жылдық есебін және орнықты даму туралы есебін бекітті. Құжаттар Холдингтің компаниялар тобы қызметінің негізгі нәтижелерін, оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ орнықты даму және ашықтықты арттыру саласында қол жеткізілген ілгерілеуді көрсетеді.

Есептер орнықты даму мен климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашып көрсету жөніндегі халықаралық стандарттардың (IFRS S1/S2) ережелеріне, SASB салалық стандартына және Есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың стандарттарына (GRI Standards) сәйкес дайындалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптары мен Қазақстан қор биржасының (KASE) қағидалары ескерілді.

ESG-ақпараты Холдингтің еншілес ұйымдарының көрсеткіштерін ескере отырып, шоғырландырылған негізде ашып көрсетілді. 2025 жылы 31 негізгі қаржылық емес ESG-көрсеткіш тәуелсіз сыртқы тексеруден өтті.

Бұдан бөлек, Холдинг Қазақстанда IFRS S1 және IFRS S2 стандарттарына сәйкес ашып көрсетілетін ақпараттың тәуелсіз верификациясын қамтамасыз еткен алғашқы ұйымдардың бірі болды.

Көрсеткіштердің оң динамикасы тәуелсіз бағалау нәтижелерімен де расталады. Sustainable Fitch рейтингтік агенттігі Холдингтің ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді, бұл ретте қорытынды баға 59-дан 65 балға дейін артты. Бұл Холдингтің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, сондай-ақ корпоративтік басқару салаларындағы көрсеткіштерінің жақсарғанын білдіреді.

Kz img.png

2026 жылы Холдинг жаңа инвестициялық модельді іске асыруды жалғастырады. Жаңа стратегияның мақсаттарына қол жеткізу, бюджеттен тыс ресурстарды жұмылдыру және ел үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру негізгі басымдықтар болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар