31.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтайды!
Өткен жыл еліміз үшін ауқымды жобалар мен маңызды бастамаларға толы болды. «Бәйтерек» холдингі экономиканың түрлі салаларында белсенді жұмыс жүргізіп, кәсіпкерлікті қолдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторды дамыту бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Бұл жетістіктер – сіздердің еңбектеріңіздің, сенімдеріңіздің және бірлесе атқарған ортақ жұмыстың жемісі. Әрбір жобаның артында мыңдаған адамның қажырлы еңбегі, табандылығы мен жауапкершілігі тұр.
Жаңа жыл баршаңызға сәттілік, бақ-береке және жаңа жетістіктер әкелсін!
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!