25.10.2024

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Баршаңызды ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан — еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамы жасалды. Бұл мереке халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты күн.

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын әртараптандыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Біз аграрлық секторды, тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті қолдау арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосамыз. Басты мақсатымыз – бәсекеге қабілетті бизнесті дамытып, экономиканың шикізаттық емес салаларын өркендету және жаңа жұмыс орындарын құру.

Осы мереке қарсаңында баршаңызға денсаулық, амандық және табыс тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен,
Рустам Карагойшин
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар