17.11.2023

«Бәйтерек» пен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі ынтымақтастықты кеңейту мен кредиттік әріптестікті талқылауда

«Бәйтерек» пен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі ынтымақтастықты кеңейту мен кредиттік әріптестікті талқылауда

2023 жылғы 16 қарашада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің (бұдан әрі – ҚМДБ) Президенті Тань Цзюнь мырзамен кездесу өткізді.

IMG_9114.JPG

Кездесуде тараптар екі ұйым арасындағы әріптестіктің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, Қазақстанның Даму Банкі мен ҚМДБ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ ШЫҰ Банкаралық бірлестігі шеңберіндегі бірлескен жұмысты талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бәйтерек» және ҚМДБ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы жобаларды қаржыландыру үшін жаңа кредиттік желілер ашу туралы келісті.

IMG_9337.JPG

Нұрлан Байбазаров екі компанияның бірлескен күш-жігері Қазақстан экономикасын дамытуда маңызды рөл атқара алады деген пікір білдірді. ҚМДБ басшысы «Бәйтерек» холдингі Банктің Қазақстан мен өңірдегі негізгі серіктесі болып табылатынын атап өтті.

IMG_9190.JPG

Анықтама үшін: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтері 29.4 млрд доллар және капиталы 3,9 млрд доллар болатын Қазақстандағы қаржы даму институты болып табылады. Холдинг құрамында экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, экспорт, ауыл шаруашылығын қолдау және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеттеріне назар аударатын 8 еншілес ұйым бар.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар