- Холдинг туралы
Кеңес ал!
"Бәйтерек" холдингі қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндетке сүйене отырып, Холдинг тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп "Шаңырақ" жаңа өнімін ұсынады: мөлшерлеме - 5%, бастапқы жарна - 10% - дан бастап, кредит беру мерзімі-20 жылға дейін. Естеріңізге сала кетейік, Бағдарламаны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шарттар бойынша әзірлеуді тапсырған болатын. Оған тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде есепте тұрған қазақстандықтар қатыса алады.