02.08.2021

Елорданың 300-ден астам тұрғыны «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен баспаналы болады

Олар «Нұрлы жер» бағдарламасының сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша өтініш беріп, өз пәтерлеріне қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, қала әкімдігі жанындағы мекемелер, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысуға мүмкіндік алды. Алғашқы елордалықтарды қоныс тойымен құттықтап барғандардың арасында әріптесім Дариға Ташенова да бар.

Махаббат Әбілмәжінова ел астанасына 8 жыл бұрын көшіп келген. Ал 2016 жылы төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасты. Бұған дейін жеткілікті қаржы жинап үлгермеген нәзік жанды үшін бұл мемлекеттік бағдарлама тосынсый болды. Өйткені оның шарттарына сәйкес өтініш берушілерге алдын ала ешқандай төлем жасаудың қажеті жоқ.

Махаббат Әбілмәжінова, қала тұрғыны:

– Жұмыста отырғанда маған сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына іліккенім жайлы хабарлама келді. Басында сенбей қойдым. Кейін өте қуандым. Маған 54 шаршы метрге тең 1 бөлмелі пәтер бұйырды. Оны өзім таңдап алдым. Маңында мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Бәрі жақын. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы пәтер алғаныма қуанышым шексіз.

Бағдарлама талаптарына сәйкес ай сайын әр шаршы метр үшін 1455 теңге төленуі тиіс. Барлық төлемдер жасалған бетте баспана жалға алушының меншігіне өтеді. Табысы жетпегендерге қосымша кепілгерді тартуға мүмкіндік берілді.

Тимур Жанке, «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры, басқарма мүшесі:

– Жалдау мерзімі жиырма жылға дейін, ал ол аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді. Егер тұрғын үйді алушының мүмкіндігі шықса, онда тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алуға болады. Бүгінгі күні қазақстандық тұрғын үй компаниясы 1773 пәтерге 27 миллиард теңгеге жуық сатып алуға шарт жасады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 1 773 пәтер.

Жуық арада бұл бағдарлама арқылы 300-ден астам елордалық баспаналы болады деп сендірді «Бәйтерек» холдингіде.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар