Кеңес ал!

03.06.2025

Отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің баяндамасы

Отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері мен əріптестер!

«Бəйтерек «ҰБХ» АҚ желісі бойынша отандық өндірісті дамыту жəне қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндауға рұқсат етіңіз.

Холдингтің негізгі қызметі шеңберінде, өндірісті жəне одан əрі өткізуді қамтамасыз ететін қолдау құралдары арқылы, сондай-ақ компаниялар тобының ішкі сатып алулары арқылы отандық өндірістің тауарларына, жұмыстары мен қызметтеріне басымдық беру жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сəйкес, тұтыну тауарларындағы жəне техникалық мақсаттағы тауарлардағы отандық өндірістің орташа үлесі 45%-ды құрап, шамамен 23,9 трлн теңге болды.

Тұтыну сегментіндегі жоғары көрсеткіштер: бензин, пропан бутан сияқты тауарларда – ОТӨ үлесі 86%, тамақ өнімдерінде – 63% жəне жеңіл автомобильдерде – 46%.

Энергетика саласына арналған техникалық мақсаттағы тауарларда (мазут, мұнай газдары, керосин, т.б.) – 81%, құрылыс материалдарында – 66% жəне химиялық өнімдерде – 43%.

Экономикаға 8 трлн теңгені бағытыттау бойынша бастама шеңберінде бүгінгі күні Холдинг пен «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ отандық өндірушілерді офтейк-келісімшарттармен қамтамасыз ету арқылы ішкі нарықты қанықтыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.

Энергетикалық жəне коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде, импортқа тəуелділікті азайту жəне өнеркəсіптік əлеуетін дамыту үшін отандық өндірушілердің өнімдерін басымдықпен пайдалану көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда, «QazIndustry» АҚ-мен бірлесіп, Ұлттық жоба үшін тауарларға, жұмыстарға жəне қызметтерге қажеттіліктер туралы деректерді жинау жұмыстары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша тауарларға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін əлеуетті өндірушілерді іріктеу жұмысы басталады.

Ұлттық жобамен тозығы жеткен энергетикалық жəне коммуналдық инфрақұрылым объектілерін ауыстыру жəне жаңғырту көзделеді. Осылайша, табиғи монополия субъектісін қазақстандық өніммен (құбыр өнімдері, тазалау өнімдері, электр кабельдік өнімдер, ысырмалар, клапандар, арматура) қамтамасыз ету мақсатында оның ішінде Холдинг тобының қарыз алушыларынан сатып алуды жүзеге асыруды ұсынады, бұл тиісінше қазақстандық кəсіпорындарды off-take келісімшарттармен қамтамасыз етеді.

Қолдау нəтижелері бойынша 2024 жылы 33 жоба пайдалануға беріліп, жалпы қолдау сомасы 345,5 млрд теңгені құрады. Бұл мұнай экстракциясы зауытының құрылысы, көлемді блоктар, автошиналар, тұрмыстық техника, шойын құю жəне т.б. шығаратын зауыт.

Ағымдағы жылы отандық өндірістік жобалар да қамтылады. Атап айтқанда, бұл алкилат, қағаз жəне картон, натрий цианиді, сода күлі шығаратын зауыттардың құрылысы жəне басқа да жобалар.

Отандық өндірісті қолдау отандық өнімді өткізуге жанама түрде əсерін тигізетін көлік құралдары паркін жаңарту шеңберінде жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, вагон жасау секторының, автобустардың, ауыл шаруашылығы техникасының жəне арнайы мақсаттағы автокөліктің 15-ке жуық отандық өндірушілеріне ӨДҚ желісі бойынша қолдау көрсетілді. Жалпы, бүгінгі таңда, шамамен 1,1 трлн теңге бағытталды, бұл 26,6 мың бірлік техниканы өткізуге мүмкіндік берді.

ҚАҚ желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасының лизингі арқылы 1,4 трлн теңгеге 88,3 мың бірлік техника жаңартылды, оның ішінде 393,8 млрд теңгеге 17,1 мың бірлік техника отандық өндірушілерден алынды.

Сондай-ақ, қолдау көрсету кезінде отандық өндірістің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде жəне тұрақты сатып алу бойынша қарсы міндеттемелерге екпін қойылады.

Ағымдағы жылы ҚДБ қолдаған кəсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алу көлемі 30 млрд теңгені құрады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден сатып алынған ТЖҚ үлесі шамамен 29 млрд теңге (шамамен 99%), 2024 жылмен салыстырғанда ТЖҚ-дағы ОТӨ үлесі 4,6 млрд теңге (шамамаен 14%) болып отыр.

Холдингтің компаниялар тобы бойынша сатып алу көлемі 2024 жылы 54,1 млрд теңгені құрады, онда отандық өнім берушілердің үлесі 45,7 млрд теңге, елішілік құндылықтың жалпы үлесі 84% (2023 жылы – 81%).

2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы сатып алу көлемінде (6,8 млрд теңге) елішілік құндылық үлесі 84% (5,7 млрд теңге) деңгейінде қалады.

Сондай-ақ, осы жылы Холдинг құрылымында Отандық өндірісті дамыту департаменті жұмысын бастауда, ол Холдинг тобы қаржыландыратын жобалардағы отандық өндірушілерден сатып алу үлесін бағалайтын жəне ынталандыратын бірыңғай əдіснаманы қалыптастырады жəне үйлестіреді, оның ішінде тапшы өндіріс сегменттерін анықтау мақсатында салалық жəне жобалық талдау жүргізеді.

Сонымен қатар, 8 трлн теңге бойынша бастама шеңберінде, ағымдағы жылы жобалардың инвестициялық кезеңінде 1,2 трлн теңгеден кем емес сомаға ТЖҚ сатып алу жоспарланып отырғанын атап өтеміз.

Осылайша, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ өз қызметі шеңберінде отандық өндірісті кешенді қолдауды жалғастырып, жұмыспен қамтудың өсуіне, технологиялық жаңаруға жəне іске  асырылған  жобалар  мен  өндірілетін  өнім  есебінен импортқа тəуелділіктің төмендеуіне, қарсы міндеттемелердің орындалуына ықпал ететін болады.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар