Кеңес ал!

18.11.2026

Басқарма Төрағасы Қарағойшин Р.Т.-ның баяндамасы ҚР Үкіметінің отырысында

Басқарма Төрағасы Қарағойшин Р.Т.-ның баяндамасы ҚР Үкіметінің отырысында


Құрметті Олжас Абайұлы!



(1-слайд)

Холдинг қазақстандық өндірісті қолдаудың кешенді жүйесін іске асыруда, ол жобаларды қаржыландыруды, өнімді өткізуге жәрдемдесуді және қазақстандық өндірушілерден сатып алуды қамтиды.

(2-слайд)

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Холдингтің даму институттары экономикаға 8,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті, бұл жылдық жоспардың 90 пайызын құрайды. Кәсіпкерлік блокқа 6,5 трлн теңге тиесілі.

(3-слайд)

Қолдауды ең көп алушылардың қатарында металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібінің өзге де салаларының кәсіпорындары бар, атап айтқанда Qarmet — 875 млрд теңге, «Қазақмыс» — 326 млрд теңге, Qazaq Kalium — 193 млрд теңге. Қолдау сондай-ақ Холдингтің даму институттары арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне де көрсетіледі.

(4-слайд)

Жеңіл автомобильдер, болат, құбырлар, вагондар, майлау материалдары, гофрокартон шығаратын өндірістік жобалар қолдау тапты. Олар бойынша бекітілген қаражатты игеру жалғасуда.

(5-слайд)

Холдинг «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын қаржыландыруға «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ арқылы қатысады. Жұмыста 554 млрд теңгеге 221 жоба, қол қойылғаны — 356 млрд теңгеге 153 жоба, қаржыландырылғаны — 244 млрд теңгеге 144 жоба.

(6-слайд)

Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін өткізу қолдау табуда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын лизингі 374 млрд теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық техникаға — 330 млрд теңге, немесе 88 пайыз: тракторлар — 133 млрд, комбайндар — 126 млрд теңге. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 416 млрд теңгенің техникасын сатып алды, оның барлығы қазақстандық өндірушілерден: вагондар — 192 млрд, автобустар — 68 млрд, арнайы техника — 113 млрд теңге. «Қазақстан экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ 86 экспорттаушыны 570 млрд теңгеге қолдады.



(7-слайд)

Холдинг инвестициялық қызметті жүзеге асырады. 24 қарашада Инвестициялық кеңестің қарауына сұратылатын қаржыландыруы 4,7 трлн теңге болатын ел ауқымындағы 30 жоба дайындалуда: 243 млрд теңгеге 6 импортты алмастыру жобасы, 329 млрд теңгеге 7 экспортқа бағдарланған жоба, 1,3 трлн теңгеге 5 импортты алмастыру және экспорт жобасы және 2,8 трлн теңгеге 12 ірі инфрақұрылымдық жоба.

(8-слайд)

Жаңа өндірістер үшін «Инвестициялық тапсырыс» жобалар пулы қалыптастырылды: 7,6 трлн теңгеге 282 жоба. Холдингтің еншілес ұйымдарында 777 млрд теңгеге 48 жоба қаржыландырылуда: агроөнеркәсіптік кешенде 34,5 млрд теңгеге 44 жоба, оның ішінде сүт өнімдері, қант және қант қызылшасы, жемшөп, жұмыртқа және құс еті, ет және ет өнімдері, майлар және майлы дақылдар; тау-кен металлургия кешенінде 727 млрд теңгеге 2 жоба, мыс кендері және болат өнімдері; машина жасауда 15,8 млрд теңгеге 2 жоба, теміржол құймалары және жылу алмастыру жабдығы.

(9-слайд)

Холдинг Ел ішіндегі құндылықтың талдамалық автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі — Жүйе) әзірледі. Бұл Жүйе Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімімен (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі — ӨҚМ)), zakup.sk.kz сатып алу платформасымен («Самұрық-Қазына» АҚ), goszakup.gov.kz сатып алу платформасымен (ҚР Қаржы министрлігі) интеграцияланған. ӨҚМ-мен интеграция жобаларды талдау кезінде қарсы міндеттемелердің әділ көлемін айқындауға мүмкіндік береді.

«Бәйтерек» Холдингінің компаниялары инвестициялық жобаларды қарау кезінде аталған жобаларға жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлардың болуы тұрғысынан сараптама жүргізеді және қарыз шартында отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бөлігінде әділ қарсы міндеттемелерді белгілейді.

Тоғыз айда жасалған шарттар бойынша ел ішіндегі құндылық 71 пайызды құрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-пен (zakup.sk.kz сатып алу платформасы бөлігінде) және ҚР Қаржы министрлігімен (goszakup.gov.kz сатып алу платформасы бөлігінде) интеграция квазимемлекеттік және мемлекеттік компаниялардың нақты тұрақты сұранысын айқындауға мүмкіндік береді.

Жалпы қажеттілікті Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімімен салыстыру қорытындысы бойынша импортты алмастыру салалары айқындалады. Дәл осы жобалар бұрын Қазақстан аумағында өндірілмеген өнімді қаржыландыру және локализациялау үшін басым болып табылады.

Импортты алмастыру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың тұрақты сұранысы пайдаланылады: өңдеу өнеркәсібінің 22 саласындағы 861 өнім түрі қамтылған.

Холдинг клиенттері тауарларының каталогы 526 қазақстандық өндірушінің 2 385 тауарын біріктіреді және жаңа жобалар өнімін Холдингтің қолданыстағы клиенттерінің тұтынуы үшін, сондай-ақ кері бағытта ілгерілетеді. Биылғы жылдың соңына дейін тауарлар санын 3 500 позицияға жеткізу жоспарлануда. Холдинг Каталог тауарларын Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізуде.

(10-слайд)

Қазақстандық өндірісті қолдау жүйесі жобаның барлық кезеңін қамтиды. Жоба идеялары мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың тұрақты импорттық сұранысы, энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба сұранысы және Холдингтің инвестициялық дирекциялары негізінде қалыптастырылады. Инвестициялық кезеңде қаржыландырумен бір мезгілде қазақстандық өндірушілерден сатып алу бойынша қарсы міндеттемелер қабылданады және Холдинг клиенттері тартылады. Пайдалану кезеңінде өнімді өткізу ішкі нарықта лизинг, экспортты қолдау және өнімді Холдинг клиенттеріне ұсыну арқылы қолдау табады.

Назар аударғандарыңызға рақмет.

Баяндама аяқталды.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар