30.11.2021

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мұхамеджанов А.Б. ҚР Үкіметінің отырысындағы баяндамасы, 30 қараша 2021 жыл

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мұхамеджанов А.Б. ҚР Үкіметінің отырысындағы баяндамасы, 30 қараша 2021 жыл

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

«Бәйтерек» холдингі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, Бизнестің жол картасы, Өндіріс, Қарапайым заттар экономикасы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Ұлттық экспорттық стратегия сияқты экономиканың шикізаттық емес салаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша Үкіметтің негізгі қаржы операторы болып табылады. Осылайша, Бәйтерек ағымдағы жылы қолдау құралдары арқылы экономиканың шикізаттық емес секторларына 2 триллион теңгеден астам инвестиция ағынын қамтамасыз етті, оның ішінде сегіз жүз елу бес миллиард теңгені экономиканың өңдеуші секторларын қаржыландыруға бағыттады.

Қазақстан Даму Банкі қолдау желісі бойынша

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде екі мың жиырма бірінші жылғы бірінші қарашадағы жағдай бойынша өңдеу өнеркәсібінде қырық төрт бүтін оннан үш млрд теңге сомаға төрт жоба қаржыландырылды.

Екінші деңгейлі банктерге қаражатты орналастыру есебінен ағымдағы жылдың он айында он екі бүтін оннан тоғыз млрд теңгеге он тоғыз жоба қаржыландырылды.

Отандық автоөндірушілердің автокөліктерін сатып алу мақсатында қарыз алушылар жалпы сомасы он алты бүтін оннан тоғыз млрд теңгеге екі өндіруші қаржыландырылды.

«Отандық экспорттаушыларды қолдау» бағыты шеңберінде жүз екі бүтін оннан сегіз млрд теңге сомасына он төрт жобаға қолдау көрсетілді.

Қазақстан Даму Банкіне тікелей кредит беру шеңберінде екі мың жиырма бірінші жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде өз қаражатынан елу екі млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібіндегі алты жобалар қаржыландырылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 2021 жылға жоспарланған мәндерге сәйкес бекітілген жобаларды толық әзірлеу жоспарлануда.

Осылайша, он айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Даму Банкі бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға екі жүз жиырма тоғыз млрд теңгеден астам сомаға қолдау көрсетті.

Шағын орта бизнес желісі бойынша

Екі мың жиырма бірінші жылдың он айында өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жалпы сомасы екі жүз қырық жеті бүтін оннан сегіз млрд.теңге болатын екі мың елу сегіз жобаға қолдау көрсетті, сондай-ақ кепілдік беру құралы арқылы тоғыз жүз он жеті жоба бойынша жалпы сомасы қырық екі бүтін оннан екі млрд. теңге болатын шарттарға қол қойылды, шартты орналастыру бағдарламалары арқылы жалпы сомасы сексен жеті бүтін оннан екі млрд. теңге болатын жүз алпыс бес жобаға қолдау көрсетілді.

Осылайша, өңдеу өнеркәсібіндегі шағын орта бизнес жобаларын қолдаудың жалпы сомасы үш жүз жетпіс жеті млрд теңгені құрады.

Лизингтік қаржыландыру

Өнеркәсіпті дамыту қоры екі мың жиырма бірінші жылғы бірінші қарашадағы жағдай бойынша жалпы сомасы жүз бүтін оннан бір млрд теңге болатын жобаларды қаржыландырды, жалпы ағымдағы жылда екі жүз жиырма тоғыз бүтін оннан бес млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланған.

Қазіргі таңда «Экспортқа бағытталған жобаларды лизингке беру» бағыты бойынша төрт жоба келісу сатысында. Ағымдағы жылдың соңына дейін екі мың жиырма бірінші жылға жоспарланған мәндерге сәйкес жобаларды толығымен әзірлеу жоспарлануда.

Экспортты қолдау

Екі мың жиырма бірінші жылғы бірінші қарашадағы жағдай бойынша KazakhExport қызметіне қатысты жүз он алты бүтін оннан тоғыз млрд. теңге сомасына сақтандыру міндеттемелері қабылданды, ал жоспарланғаны – екі жүз млрд. теңге, экспорт алдындағы қаржыландыру он үш бүтін оннн бір млрд. теңгеден астам сомаға жүзеге асырылды, жоспарланғаны - бес млрд.теңге және екінші деңгейлі банктерге қаражатын тарта отырып, он екі бүтін оннан жеті млрд. теңгеге сауда қаржыландырылды, ал жоспар бойынша – отыз екі бүтін оннан бір млрд. теңге.

Холдинг ағымдағы жылдың соңына дейін өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражатты толық көлемде игеруді қамтамасыз етеді,Т сонымен қатар келе жатқан жылдары Холдинг экономиканың өңдеуші секторларына қолдау көрсету көлемін арттыруды жалғастырады.

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет! 

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар