- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
ҚҰРМЕТТІ ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР!
Бүгінгі күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы еншілес ұйымдармен («ҚДБ» АҚ, «ӨДҚ» АҚ, «QIC» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (KazakhExport) бірлесіп өңдеуші өнеркәсіпке қолдау көрсетуде.
Мәселен, Холдингтің компаниялар тобы 2023 жылы және 2024 жылдың 1-тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде 1,6 трлн теңге сомасына 4,6 мың жобаны қаржыландырды.
2023 жылы өңдеу өнеркәсібінде қолдау көрсетілген кәсіпорындар (Дамусыз) 3,9 трлн. теңге сомасына өнім сатқан, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндірілген өнімдерінің жалпы көлемінің 18%-ын құрайды. Қолдау көрсетілген кәсіпорындардың шикізаттық емес экспортқа қосқан үлесі 12%-ды құрады (Дамусыз).
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Холдинг мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізді: 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, 15,1 трлн теңгеге өнім шығарылды және қызметтер көрсетілді, экспорт көлемі 1,6 трлн теңгеден асты, бюджетке салық төлемдерінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. (2023 жылдың қорытындысы бойынша деректерді Мемлекеттік кірістер комитетінің растауынсыз мемлекеттік қолдау шараларын алған субъектілер ұсынды. 2024 жылдың 1-тоқсанындағы тиімділіктер 2024 жылдың шілде айының басында қалыптастырылады, өйткені субъектілер есепті 2024 жылдың мамыр айының соңында береді).
Холдингтің қаржылық қолдауын ескере отырып, 2023 жылы жалпы қаржыландыру сомасы шамамен 96,8 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша қаржылық қолдау шеңберіндегі кейбір негізгі жобаларға тоқталғым келді.
Мысалы, бұл «Жеңіл автомобильдер өндірісі бойынша мультибрендтік зауыт салу» (Astana Motors) жобасы, онда 2025 жылға қарай 90 мыңнан астам автомобиль шығара отырып, шамамен 2,2 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. «Саран қаласында шиналар өндірісін ұйымдастыру» (KamaTyres) жобасы бойынша жеңіл автомобильдер үшін 3 млн шина және жүк техникасы үшін 500 мың шина шығарумен шамамен 1,1 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, “Састөбе инновациялық кешені” ЖШС “Натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы” жобасы бойынша 2025 жылға қарай 300 жаңа жұмыс орнын ашып, жылына 30 мың тонна натрий цианидін шығаруды жоспарлауда.
Осы жобалардың барлығы кейіннен импортты алмастыруға бағытталған.
Бұған қоса, қазіргі уақытта Холдинг өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға қолдау көрсететін қосымша пакеттік бағдарламалар әзірлеп жатқанын атап өткім келеді.
Назарларыңызға рахмет!