19.02.2021

Айдар ӘРІПХАНОВ: «Бәйтерек» баламасы жоқ бірегей институтқа айналды

Айдар ӘРІПХАНОВ: «Бәйтерек» баламасы жоқ бірегей институтқа айналды

Автор: Фархат Қайратұлы

«Егемен Қазақстан»

 

Былтыр тарихтағы ең бір күрделі кезеңді өткеріп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне қадам бастық. Осы уақыт ішіндегі экономикалық жетістіктерге «Бәйтерек» холдингінің қосқан үлесі зор. Баламасы жоқ бірегей институт алдағы уақытта да негізгі бағытынан айнымақ емес. Бұл ретте, біз «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар ӘРІПХАНОВПЕН дидарласқанды жөн көрдік. Екеуара әңгіме барысында өмірімізге өзгеріс енгізген 2020 жылға шолу жасалып, 2021 жылы атқарылатын негізгі мақсат-міндеттер кеңінен сөз болды.

– Айдар Əбдіразақұлы, 2020 жыл əлемдік экономиканы тығырыққа тіреді. Бұл жағдай Қазақстанды да айналып өтпеді. Экономиканы теңселткен коронавирус пандемиясының басталғанына да жылға жуық тапты. Қауіпті вирусқа байланысты қалыптасқан дағдарыс «Бəйтеректің» жұмысына қаншалықты əсер етті?

– Шынымен де, өткен жыл қиын кезең болды. Коронавирус дағдарысы экономиканың барлық саласына өз түзетуін енгізді. Десе де, Президент пен Үкімет бұл дағ дарыстың салқынын аса сездірмеуге тырысты. Оны толықтай жою үшін жедел əрекет етті. Өз кезегінде «Бəйтерек» холдингі де Үкіметтің дағдарысқа қарсы құралы ретінде тиімді жұмыс істеді. Біз бизнесті, тұрғын

үйге мұқтаж адамдарды қолдауды тоқтатқан жоқпыз. Тіпті инфекция таралған кезеңде клиенттердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін қолдау шараларын қашықтан ұсынып, рəсімдердің уақытын барынша қысқарттық. Жасыратыны жоқ, кейбір көрсеткіштер бойынша шын мəнінде төмендеу байқалды. Бірақ жағымсыз көрініске жол бермедік. Осылайша, 2020 жылы холдингтің активтері 1,4 трлн теңгеге ұлғайды. Өсім холдинг қызметі көлемінің, атап айтқанда қаржыландыру көлемінің ұлғаюы есебінен қалыптасты. Осының нəтижесінде таза табыс оң динамика көрсетіп, төтенше жағдай уақытында тұрғындар мен кəсіпкерлер үшін сыйақыны есептеудің жəне төлемдерді тоқтатқан кездегі холдингтің жоспарлы шығындарының орнын толтырды. Жедел деректер бойынша, былтырғы жылдың таза табысы шамамен 49 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен шамалас – 51,5 млрд теңге.

– Ұлттық холдинг активтерінің ненің есебінен өскенін тарқатып айтып

берсеңіз...

 

Интервьюдін жалғасын мына сілмеге өтіп оқыңыз>>


Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар