Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.02.2024

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша үзінді көшірмесі ұсынылды

23.02.2022

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Директорлар кеңесінің мүшелеріне Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметінің нәтижелері баяндалды. Мәселен, 2021 жылы экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 1 783,7 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 766,8 млрд теңгеге, яғни 75%-ға ұлғайды.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында, өткен жылы 1 697,7 млрд теңгеге 54 мыңнан астам компанияға қолдау көрсетілді, бұл қолдау сомасының 95%-ын құрайды. Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау шараларының арқасында экспорт көлемі 1 341,7 млрд теңгеге жетті. Холдингтің еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдауға 464,2 млрд теңге жұмсады. Бұл ретте, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім шамамен 4%-ды (18,5 млрд теңгеге) құрады.

Сондай-ақ, «жасыл» экономиканы дамыту мақсатында, Холдинг 95,6 млрд теңге сомасына бес жобаға қолдау көрсетті, атап айтқанда 21,6 млрд теңгеге күн электр станциясын салу бойынша екі жобаны және 73,8 млрд теңгеге жел электр станциясын салу бойынша екі жобаны қолдады.

Жалпы, Холдингтің қаржылық қолдау шараларының арқасында 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 3,4 трлн теңге сомасына өнім шығарылып, қызметтер көрсетілді.

Соңында, Директорлар кеңесі 2021 жылғы IV тоқсан бойынша Тәуекелдер жөніндегі есепті бекітті, 2021 жылғы Холдингтің корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті және Холдингтің Директорлар кеңесінің 2021 жылғы қызметінің нәтижелерін қарады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар