Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

22.08.2018

Холдингтің екінші облигациялар шығырылымын тіркеу туралы

Холдингтің екінші облигациялар шығырылымын тіркеу туралы

2014 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Холдингтің екінші облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырды.  
Екінші облигациялар шығарылымының көлемі – 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге. Шығарылым Е74 нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді. 
Екінші облигациялар шығарылымының негізгі талаптары: 
1. Шығарылатын облигациялар саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 
1) Шығарылатын облигациялар саны – 50 000 000 (елу миллион) дана; 
2) Номиналдық құны бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі – 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге.
2. Облигациялардың түрі – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар.
3. Бір облигацияның номиналдық құны – 1 000 (бір мың) теңге.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі – KZ2C0Y20E742.
5. Облигацияларды орналастыруды бастау күні және айналымды бастау күні: облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күнінен кейінгі жұмыс күні. Облигациялар айналымының мерзімі облигациялар айнылымы басталған күннен бастап 20 жылды құрайды. 
6. Облигацияларды орналастыру тәсілі: заңнамаға сәйкес жазылу жолымен айналымның бүкіл мерзімі ішінде; облигациялар акцияларға айырбасталымды болып табылмайды; эмитент облигацияларды өз бетінше орналастырады.    
7. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тиянақталған болып табылады және облигациялардың номиналдық құнынан жылдық 0,1% (нөл бүтін және оннан бір пайызды) құрайды. Сыйақыны төлеу бір жылда 360 күн және бір айда 30 күн уақытша базаның есебінен жылына екі рет, тиісінше, әрбір                  6 ай сайын өтеу күніне дейін жыл сайын жүргізіледі. 
8. Облигацияларды олардың номиналды құны бойынша өтеу облигацияларды өтеу күнінде төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша облигациялардың тізілімінде тіркелген облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шотына облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым кезеңі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ақшаны аудару арқылы сыйақы төлемімен бірге теңгемен жүргізіледі.   
9. 2024 жылдан бастап Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Эмитент толық өтеу мақсатымен ғана барлық облигацияларды номиналдық құны бойынша сатып алуға және/немесе үшінші тұлғаға сату құқығынсыз ішінара сатып алуға құқылы. Бұл ретте эмитент сатып алу күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын тиісті хабарлама жолдау арқылы облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу мақсатымен облигацияларды сатып алу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың назарына жеткізеді. Облигацияларды сатып алу облигациялар бойынша есептелген сыйақыны тиісті төлемімен бірге номиналдық құны бойынша жүзеге асырылады. 
10. Орналастыру туралы шешімді қабылдау күні: 2014 жылғы 30 қыркүйек (Холдингтің Директорлар кеңесі сырттай отырысының № 08/14 шешімі).

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар