02.10.2024 17:33:43
- Холдинг туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 қарашадағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 870 және 2019 жылғы 28 желтоқсандағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» № 953 бұйрықтарымен 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 3 жыл өкілеттік мерзіміне Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамы 10 адам көлемінде сайланды:
Асқар Ұзақбайұлы Мамин – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
Тимур Мұратұлы Сүлейменов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Айдар Әбдіразақұлы Әріпханов – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;
Клаус Мангольд – тәуелсіз директор;
Филип Йео – тәуелсіз директор;
Томас Миров – тәуелсіз директор.
Мамин Асқар Ұзақбайұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.