Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

28.08.2018

Холдингтің Директорлар кеңесі 2016 жылғы 30 қыркүйекте қабылдаған кейбір шешімдері туралы

Холдингтің Директорлар кеңесі 2016 жылғы 30 қыркүйекте қабылдаған кейбір шешімдері туралы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 30 қыркүйекте қабылдаған кейбір шешімдері:

Күн тәртібінің сегізінші мәселесі бойынша:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ оның жасалуында мүдделілік бар мәмілені – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен қарыз бойынша кепілдік беру туралы шартты жасасын; 

Күн тәртібінің тоғызыншы мәселесі бойынша:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Еуропалық инвестициялық банкімен кепілдік туралы келісім жасасу арқылы міндеттемелерді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жеке капиталының 10% (он пайызынан) астамын құрайтын мөлшерге ұлғайтсын; 

Күн тәртібінің оныншы мәселесі бойынша:
Акцияларды сатып алудың айрықша құқығын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Жалғыз акционеріне өткізу жолымен 14 000 000 000 (он төрт миллиард) теңге сомасына бір жай акцияның 1 000 (мың теңге) орналастыру бағасы бойынша жарияланған акциялар саны шегінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 14 000 000 (он төрт миллион) жай акциялары орналастырылсын;

Күн тәртібінің он бірінші мәселесі бойынша:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 97 861 805 000 (тоқсан жеті миллиард сегіз жүз алпыс бір миллион сегіз жүз бес мың) теңге сомасында бюджеттік кредиттерді тарту жолымен міндеттемелерді «Бәйтерек" ҰБХ» АҚ жеке капиталының он пайызынан астамын құрайтын мөлшерге ұлғайтсын; 

Күн тәртібінің он екінші мәселесі бойынша:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ оның жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен қарыз шарттарын жасасын;

Күн тәртібінің он бесінші мәселесі бойынша:
Омарқожаев Әнуар Сағынәліұлы 2016 жылғы 3 қазаннан бастап жалпы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасы өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттілік мерзімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып сайлансын.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар