24.07.2024 13:35:04
- Холдинг туралы
2015 жылғы 13 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Даму» КДҚ» АҚ-мен мынадай негізгі талаптарда қарыз шартын жасады
1. Кредит сомасы – 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтерінің жалпы құнынан 5,8%);
2. Кредит мерзімі – 20 жылға дейін;
3. Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,15 % (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4. Кредит валютасы – теңге;
5. Кредитті мақсатты пайдалану – қаражатты өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-ты қаржыландыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-қа берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыруға 25 %-дан аспайды, өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-қа берілген ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын қаржыландыруға 25 %-дан аспайды, өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қаржыландыруға 50 %-дан аспайды, жылдық 2 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша ЕДБ-де орналастыру. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібінде жобаларды қаржыландыруға және қайта қаржыландыруға 25 %-дан кем емес.
6. Негізгі борышты төлеу – кредиттің мерзімі соңында, Қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеу құқығы болады;
7. Сыйақы төлеу. Сыйақы төлеудің алғашқы мерзімі – 2015 жылғы «5» қыркүйек, сыйақының кейінгі төлемдері: алғашқы төлем күнінен бастап жартыжылдық төлемдермен.
8. Қамтамасыз ету – қамтамасыз етілмеген;
9. Шартты жасау туралы шешімді қабылдау күн: 2015 жылғы 12 наурыз («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысының № 03/15 шешімі).