02.10.2024 17:33:43
- Холдинг туралы
2015 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 23 шілдеден бастап 2015 жылғы 22 қаңтарға дейінгі кезең ішіндегі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.
1. Есептің тіркелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
2. Есепті кезең ішінде түрлері бойынша орналастырылған акциялар саны: жай акциялардың 35 216 702 (отыз бес миллион екі жүз он алты мың жеті жүз екі) данасы орналастырылды, 2015 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 718 318 712 (жеті жүз он сегіз миллион үш жүз он сегіз мың жеті жүз он екі) жай акция орналастырылды.
3. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ1C59460010
4. Орналастыру күні – 2014 жылғы 23 шілдедег бастап 2015 жылғы 22 қаңтарға дейін.
5. Орналастыру және саны туралы шешімді қабылдау күні:
1) 15.09.2014 ж. – 10 216 711 дана жай акциялар және 1 жай акция (Қоғамның Директорлар кеңесі сырттай отырысының № 7/14 шешімінен үзінді, 1-ші және 2-ші мәселелер);
2) 20.11.2014 ж. – 25 000 000 дана жай акциялар (Қоғамның Директорлар кеңесі күндізгі отырысының № 09/14 хаттамасынан үзінді, 5-ші мәселе).
6. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер: акцияларға дивидендтер есептелмеді және төленбеді. Дивидендтерді уақытылы төлеу бойынша қарыздар жоқ.
7. Қоғам өзі шығарған акцияларды сатып алған жоқ.