Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

Кеңес ал!

04.06.2026

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу жөніндегі конкурс

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу конкурсын жариялайды.

1. Конкурсты өткізу күні мен орны:

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні 2026 жылғы 11 маусым.

Конкурсты өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55А.

2. Компанияның орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны және оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген атауы: «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55А, тел: +7 (7172) 955-075,
Email: kense@baiterek.gov.kz.

Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Бәйтерек» холдингі – құрамында келесі 7 еншілес ұйымы бар интеграцияланған даму институты: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-тың миссиясы – қазақстандық тауарлар мен қызметтердің өндірісін қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттары негізінде жәрдемдесу.

3. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада және аудит және/немесе қаржы және/немесе басқару (менеджмент) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

2) экономикалық қызмет түрінде компания бейініне сәйкес келетін мамандықта кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі;

3) басқарушы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибе;

4) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшесі позициясында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;

5) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары немесе бас бухгалтері болып сайлану (тағайындалу) фактісінің болмауы;

6) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;

7) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма мүшелерімен (атқарушы органмен) үлестестіктің болмауы.

4. Компанияның директорлар кеңесінің мүшелігіне сайланбайтын тұлға:

1) басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (бақылау кеңестерінің) төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары, бас есепшісі болған; белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бес жыл ішінде қолданылады;

2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) Директорлар кеңесіндегі (бақылау кеңестеріндегі) жұмыстан басқа, акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма (атқарушы орган) мүшелерімен байланысты 64-баппен "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және 12-1 бабымен "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

5. Тәуелсіз директор лауазымына орналасуға үміткерлерді іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

1) № 4-қосымшаға сәйкес келісім-өтініш;

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлігінің немесе паспортының) көшірмесі;

3) № 5-қосымшаға сәйкес кандидат туралы мәліметтер;

4) кандидаттың түйіндемесі.

Бос орындар тізімі

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар