Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдингтің корпоративтік басқару жүйесі Холдинг қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін және Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Холдингтің басқа органдары мен мүдделі тұлғалардың Жалғыз акционердің мүддесі үшін қарым-қатынасын, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтитын процестердің жиынтығы болып табылады.
Холдингтің корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаттарына негізделген. Холдинг осы саладағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу және тиісті бағалау жүргізу арқылы корпоративтік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады.
Корпоративтік басқару кодексі Корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы №178 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген, орындалуы Холдингтің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін корпоративтік басқару қағидаттарын көрсетеді.
Холдингтің бекітілген корпоративтік басқару Кодексі Холдинг ішіндегі және басқа да мүдделі тараптармен қатынастарда тиімділікті, транспаренттілікті, есептілікті, іскерлік әдептің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін өз қызметі процесінде ұстанатын қағидалар мен ұсынымдардың жиынтығын қарастырады.
Корпоративтік басқару кодексі (документ)
Холдингті корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары:
Холдингтің корпоративтік басқару құрылымы
>
Холдингтің корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
2024 жылғы 28 мамырда Холдингтің Директорлар кеңесінің № 05/24 хаттамасымен 2024–2026 жылдарға арналған Холдингтің корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2024–2026 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (документ).
Холдинг корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалауды кемінде үш жылда бір рет жүргізеді. Осылайша, 2023 жылғы желтоқсанда Холдингтің корпоративтік басқаруына тәуелсіз бағалау жүргізілді («КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС), оның нәтижелері бойынша Холдингке 98,8% рейтинг берілді (корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша 2020 жылғы алдыңғы рейтинг 97% болған).
>
Холдингтің Ішкі аудит қызметі корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізеді. Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің күтулерін ескере отырып, корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігіне талдау жүргізудің кезеңділігін айқындайды. Корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалаудың және корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігіне талдау нәтижелері Холдингтің жылдық есебінде ашылады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы
Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкес Холдинг жыл сайын корпоративтік басқару қағидаттарына сүйену туралы есеп дайындайды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015) «Экологиялық менеджмент жүйелері» сәйкестік сертификатының әрекетін сәтті растады.