Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның миссиясы:
Қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің өндірісін қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өсуіне жәрдемдесу.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ пайымы:
Жаңа салалық «өсу нүктелерін» дамыту арқылы Қазақстан экономикасының құрылымын түрлендіретін проактивті инвестициялық холдинг.
Алғашқы алты міндет «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды, өнеркәсіпті дамытуды және өңірлік дамытуды қамтитын «Кәсіпкерлікті қолдау» стратегиялық бағыты бойынша негізгі қызметін жүзеге асыру жолымен шешіледі.
Экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жетінші міндет Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ макроөңірде де үлестік қаржыландыру экожүйесін дамытудың стратегиялық бағыты шеңберінде шешіледі.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі сегізінші міндет «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету» қызметінің стратегиялық бағыты шеңберінде шешіледі.