Барлық іс-шаралар

"Бәйтерек" холдингіндегі "Қаржы қызметінің үздіктерін" марапаттау

Ұлттық валюта күні қарсаңында Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне наградалар тапсырады.

13.11.2020 11:00 - 13.11.2020 12:00

Тіл: Қазақ

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржы құралдары бойынша вебинардың тұсаукесері

Petrocouncil-дің қолдауымен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның мұнай сервисі және экономиканың өнеркәсіп салаларындағы шағын және орта бизнеске арналған вебинары. Вебинарға 40-қа жуық компания қатысады.

Әзірленген бағдарлама аясында холдинг арнайы құралдарды пайдалануға ниетті. Мысалы, отандық экспорттаушыларды қолдау үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ тарту жоспарлануда. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін "Даму" КДҚ" АҚ пайдалану жоспарлануда.

Вебинар барысында таныстырылымда "бір терезе" қағидаты бойынша жобаны қаржыландыру және іске асыру тетігі, қаржыландырудың жоспарланған түрлері көрсетіледі. Ірі бизнес пен ШОБ үшін алты кезеңнен тұратын қолдау алу тетігі көрсетіледі.

09.11.2020 09:00 - 09.11.2020 19:00

Тіл: Қазақ

Мұнай-газ саласындағы компаниялар үшін Холдингтің қаржы құралдарын таныстыру

"Бәйтерек" холдингі ZOOM арқылы вебинар өткізіп, Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компанияларға өзінің қаржы құралдарын ұсынады.

Вебинарға әртүрлі мұнай жабдықтарын жеткізу, климаттық жабдықтарды өндіру, металл конструкциялары, арнайы киімдер, құрылыс материалдары, компоненттер, сондай-ақ сервис және логистика саласындағы 50-ге жуық компания қатысады.

06.11.2020 09:00 - 06.11.2020 19:00

Тіл: Қазақ

«Kazakhstan Digital Accelerator» акселерациялық бағдарламасының Demo Day

Инвесторлар мен стратегиялық әріптестер үшін іс – шара – «Kazakhstan Digital Accelerator» (KDA) Demo Day акселерациялық бағдарламасы өтті.

Demo Day бағдарламасы Орталық Азияны венчурлық қаржыландыруды дамыту мәселелерін талқылауды, KDA бағдарламасының финалист-стартаптардың жобаларын таныстыруды және инновациялық даму саласындағы жетекші спикерлердің мастер-кластар сериясын қамтыды. Іс-шара жұмысына 100-ден астам халықаралық сарапшылар, инвесторлар және бизнес періштелер қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара қорытындысы бойынша Холдингтің басқарушы директоры Әділ Нұрғожин ZOOM арқылы өткен брифингте сөз сөйледі.

Күні: 2020 жылғы 3 қараша

03.11.2020 10:00 - 03.11.2020 18:00

Тіл: Қазақ

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының корпоративтік хатшылары Кеңесінің отырысы

Бейнеконференция арқылы кеңес төрағасы Майра Тұрғанованың басшылығымен "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес компанияларының корпоративтік хатшылары Кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Корпоративтік хатшысының орынбасары, "Атамекен" ҰКП Төралқасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің корпоративтік хатшылары комитетінің төрағасы Жәрдем Құрманғазиев, "ҚМГ БӨ" АҚ бірінші корпоративтік хатшысы Аяжан Жақсыбай қатысты.

Қатысушылар корпоративтік құндылықтар, қауіпсіздік мәдениеті, жұмыстың жаңа жағдайларына бейімделу, корпоративтік басқарудың халықаралық трендтері және т.б. сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Өткен күні: 28 қазан 2020 жылы

28.10.2020 09:00 - 28.10.2020 19:00

Тіл: Қазақ


Іс-шаралар: 276 - 280 / 349
Басы | Алдыңғы | 54 55 56 57 58 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар