Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

Қазақстанның негізгі инвестициялық мүмкіндіктері

«Бәйтерек» Холдингі әлемдегі ең әсерлі және перспективалы инвесторлар үшін бірнеше инвестициялық өнім ұсынады.

Кеңес ал!

Барлық іс-шаралар

«Ұмай» (әйелдер ипотекасы) және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау басталды

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Отбасы банк тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған «Ұмай» (әйелдер ипотекасы) бағдарламасын іске асыруды бастады. Сондай - ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды, бағдарламаға тек әкімдік кезегінде тұрған мынадай санаттар қатыса алады: - көпбалалы отбасы; - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; - толық емес отбасы (неке бұзылған күннен бастап кемінде үш жыл өтуі тиіс).

12.04.2021 12:00 - 12.04.2021 13:00

Тіл: Қазақ

Бәйтерек» холдингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына Холдингтің және еншілес ұйымдардың топ-менеджменттері қатысты.

01.04.2021 12:00 - 01.04.2021 13:00

Тіл: Қазақ

«KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Тәжік Алюминий Компаниясы» ААҚ («ТАЛКО» ААҚ) және Еуразиялық Даму Банкі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысы аясында «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Тәжік Алюминий Компаниясы» ААҚ («ТАЛКО» ААҚ) және Еуразиялық Даму Банкі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Құжат шеңберінде өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, Қазақстаннан Тәжікстанға қыздырылған мұнай коксы, мертель және электротермиялық феррофосфор экспортының көлемін ұлғайту жоспарлануда.  

18.03.2021 12:00 - 18.03.2021 13:00

Тіл: Қазақ

Қазақстан мен БАӘ арасындағы 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қою

17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрлері қол қойды.

Жұмыс сапарына Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР іскер топтарының өкілдері және т. б. қатысты.

15.03.2021 13:00 - 15.03.2021 14:00

Тіл: Қазақ

«Бәйтерек» холдингінде Қазақстанның Сарғыш кітабы таныстырылды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының басшылары жаңа отандық талдамалық жоба - «Қазақстанның Сарғыш кітабы» (BeigeBook.kz) жобасын талқылауға қатысты. Кездесуге қатысушылар экономикалық шолудың осы тәуелсіз аналитикасы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін жақсы құрал болатынын атап өтті.

03.03.2021 12:00 - 03.03.2021 13:00

Тіл: Қазақ


Іс-шаралар: 266 - 270 / 355
Басы | Алдыңғы | 52 53 54 55 56 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар