Барлық іс-шаралар
«Бәйтерек» холдингінің түзетілген Даму стратегиясын бизнес-қоғамдастыққа таныстыру
«Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов онлайн-режимде бизнес-қоғамдастық өкілдеріне «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған түзетілген Даму стратегиясын таныстырады.
Орналасқан жері: онлайн режимінде 23.07.2021 12:00 - 23.07.2021 13:00
Тіл: Қазақ
Ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесу
Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорлар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының мүшелері Холдинг компаниялары тобының стейкхолдерлерінің өкілдерімен, елдің ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.
Стратегиялық сессия Холдингтің корпоративтік басқаруын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде өткізіледі.
Кездесуге «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС, «Олжа Агро» ЖШС, «КТ Зенченко және Компания» компаниялар тобы, сондай-ақ «Dinara Group» басшылары қатысады. 22.07.2021 12:00 - 22.07.2021 13:00
Тіл: Қазақ
«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізеді, онда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралады. 19.07.2021 12:00 - 19.07.2021 13:00
Тіл: Қазақ
«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫ АЙДАР ӘРІПХАНОВПЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Құрметті достар! 2021 жылғы 25 маусымда сағат 12:00-де «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифхановпен «тікелей эфир» өтеді.
А. Әріпханов «Бәйтерек» холдингі қызметінің қорытындылары, компанияның ел экономикасына қосқан үлесі туралы айтып береді, сондай-ақ Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.
«Тікелей эфирді» көрсету холдингтің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жүргізіледі:
Facebook
https://www.facebook.com/baiterek/
Instagram
https://www.instagram.com/baiterekgovkz/
YouTube.
https://www.youtube.com/channel/UCk4kFoUrX7q_EbnDA7ke5IA
Сұрақтарыңызды электрондық поштаға: iconference@baiterek.gov.kz, сондай-ақ осы посттағы түсініктемелерде жіберуге болады.
***
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылғы 22 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Қазіргі уақытта оған ірі, орта және шағын бизнесті, экспортты, ауыл шаруашылығын қолдаумен және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысатын еншілес ұйымдар кіреді.
18.06.2021 00:00 - 18.06.2021 00:00
Тіл: Қазақ
Қазақстан-Америка инвестфорумы онлайн форматта өтеді
Сіздерді 2021 Қазақстан-Америка инвестициялық форумына онлайн-форматта қатысуға шақырамыз! Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР АҚШ-тағы Елшілігі, АҚШ Сауда палатасы және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырады.
Іс-шара шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия кешені және энергетика, инфрақұрылымжәне цифрлық трансформация сияқты салалардағы Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетініңтаныстырылымы, сондай-ақ америкалық және қазақстандық тараптан топ-спикерлердің түйінді сөз сөйлеуі жоспарлануда.
Іс-шара бағдарламасы туралы сайттан қараңыз: www.invest.gov.kz.
Тіркеу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN__Sj8sTLKT_WsRYow2LN48A
14.06.2021 12:00 - 15.06.2021 13:00
Тіл: Қазақ