Барлық іс-шаралар

«Бәйтерек» холдингінің ғимаратында 5-14 тамыз аралығында өткен «Дәрмен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахмат бойынша турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

Жеңімпаздар «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Арифханов, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы, Қазақстан Шахмат федерациясының бірінші вице - президенті Руслан Искаков және «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Алмас Құдайберген марапаттайды.

Өтетін орны: «Бәйтерек» холдингінің ғимараты  

20.08.2021 09:00 - 20.08.2021 18:00

Тіл: Қазақ

«Бәйтерек» холдингінің 2020 жылғы жылдық есебі жарияланды

Есеппен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз.
https://baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly/baandamalar-esepter-solular/zhyldyk-eseptilik/

18.08.2021 12:00 - 18.08.2021 13:00

Тіл: Қазақ

Холдингтің Корея Республикасына Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясындағы іс-шараларға қатысуы

«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) басшылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16-17 тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде қазақстандық делегация құрамында Сеул қаласына барады.

Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстан Президенті мен ірі корей компанияларының басшыларының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстел» отырысына қатысады.

Сонымен қатар, сапар барысында ҚТК серіктесі болып табылатын Корея Республикасының Тұрғын үйге кепілдік беру корпорациясының (KHUG), сондай-ақ «Даму» қорының серіктесі болып табылатын Корея шағын және орта кәсіпкерлік және стартаптар агенттігінің (KOSME) басшылығымен екіжақты кездесулер өтеді.

Сапар шеңберінде «Бәйтерек» холдингі, ҚТК және KHUG арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар тұрғын үй құрылысына үлестік салымдарға кепілдік беру жүйесін дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға ниетті.

Орналасқан жері: Корея Республикасы, Сеул қаласы

16.08.2021 11:09 - 17.08.2021 18:00

Тіл: Қазақ

Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджановтың Kapital.kz cайтына берген сұхбаты

«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов Kapital.kz -ке берген сұхбатында 2025 жылға дейін жаңартылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру қалай жалғасып жатқанын айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыз >>>.

13.08.2021 12:00 - 13.08.2021 13:00

Тіл: Қазақ

ДОМ.РФ қол жетімді баспана құралдарын «Бәйтерек» холдингіне таныстырады

Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаева бастаған «Бәйтерек» холдингінің делегациясы ДОМ.РФ тұрғын үй құрылысын қолдау құралдарымен танысуға, сондай-ақ холдингтер арасындағы ынтымақтастық әлеуетін арттыру мақсатында Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады.

Қазақстандық делегация құрамына Холдингтің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының өкілдері - «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» және «Отбасы банкі» кіреді.

29.07.2021 12:00 - 29.07.2021 13:00

Тіл: Қазақ


Іс-шаралар: 241 - 245 / 349
Басы | Алдыңғы | 47 48 49 50 51 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар