Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

Қазақстанның негізгі инвестициялық мүмкіндіктері

«Бәйтерек» Холдингі әлемдегі ең әсерлі және перспективалы инвесторлар үшін бірнеше инвестициялық өнім ұсынады.

Кеңес ал!

Миссия

Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің миссиясы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, екі елдің бизнесі мен мемлекеттік институттарының өзара іс-қимылы үшін тұрақты платформаны құру болып табылады. Кеңес инвестиция тартуға, бірлескен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға, сондай-ақ іскерлік ортаның ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған

Ынтымақтастықтың басым секторлары

Энергетика және "жасыл" технологиялар

Ынтымақтастық жаңартылатын энергетиканы дамытуға және экологиялық таза технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Көлік және инфрақұрылым

Кеңес көлік жүйелерін, логистиканы және ірі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды қолдайды.

Машина жасау және технологиялар трансфері

Басымдық технологиялар алмасу және өнеркәсіптік жабдық пен техника саласында бірлескен өндірістерді дамыту болып табылады.

Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі

Елдер жоғары технологиялы агро-жобаларды құруда және өнімді қайта өңдеуді дамытуда өзара іс-қимылды күшейтеді.

Экология және қалдықтарды басқару

Тараптар қайта өңдеу қуаттарын салу және заманауи экологиялық шешімдерді енгізу бойынша бастамаларды іске асырады.

Инженерлік-техникалық өндіріс

Негізгі назар испан инженерлік технологияларын енгізуге және Қазақстандағы индустриялық жобаларды қолдауға аударылады.

Медицина және медициналық жабдық

Ынтымақтастық заманауи медициналық жабдықтарды жеткізуді және инновациялық медтехнологияларды дамытуды қамтиды.

Басқарма
Рустам Карагойшин

Қазақ тарапынан тең төраға "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы

Хосе Мануэль Варгас

Испания сауда палатасының хатшылығы, испан тарапынан тең төраға, "Maxam" компаниясы

Байланыс деректері

Лауазымы Аты-жөні Телефон Email address
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Олжабаев Сакен Нурланулы +7 7172 91 91 57 s.olzhabayev@baiterek.gov.kz
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері Музатова Айкерим Рашитовна +7 7172 919 205 a.muzatova@baiterek.gov.kz
Испания сауда палатасы; халықаралық директордың орынбасары Micaela Picazo 00 34 91 590 69 71 micaela.picazo@camara.es
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар