16.02.2021

Азиялық Даму Банкі

Азиялық Даму Банкі
«Даму» КДҚ» АҚ 2011 жылдан бастап АДБ-мен жалпы сомасы 700 млн. АҚШ долларына 4 келісімге қол қойды. Осы келісімдер бойынша қарызды толық мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды. 2019 жылғы қарашада қарыз алушы әйелдерге ипотекалық қаржыландыруды ұсыну жөніндегі жаңа банктік бағдарламаны іске асыру үшін «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамы мен АДБ арасында 88 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылдың қазан айында осы жоба бойынша Мемлекеттік кепілдік алынды. Қарыздың жалпы сомасының 20% мөлшерінде бірінші траншты тарту 2021 жылдың басында жоспарлануда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы (жемшөп өндіру, мал өсіру және сою, өзге де мал шаруашылығы өнімдерін өндіру) жобаларын қаржыландыру мақсатында «Аграрлық кредит корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АКК» АҚ) үшін мемлекеттік кепілдікпен 100-200 млн, АҚШ доллары сомасына теңгемен қарыз тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Алдын ала 10 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыру тарту жоспарлануда.

Халықаралық серіктестік

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар