«Қазақстан-Испания» іскерлік кеңесі

2018 жылғы қыркүйекте «Бәйтерек» ҰБХ»АҚ сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ірі испандық компаниялар мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Испания» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысын ұйымдастырды. Іс-шараға 60-тан астам қазақстандық компаниялар және INDRA SISTEMAS, ACCIONA INFRASTRUCTURE, ACS INDUSTRIAL, EUROFINSA, MERCASA, IDOM, Maxam және басқалары сияқты испандық өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық компаниялардың 40-тан астам өкілдері; сондай-ақ Испанияның сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы К.Мендес, COFIDES қаржы дамыту институты, Испания сауда палатасының басшылығы, Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Карриедо және Испанияның ресми делегациясының басқа да өкілдері қатысты. 2018 жылдан бастап "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы А.Әріпханов Қазақстан Тарапынан «Қазақстан – Испания» Іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып табылады.2020 жылдың екінші жартысында Испания сауда палатасының өкілдерімен және ҚР-дағы Испания Елшілігінің сауда Өкілдігінің басшысымен 2 онлайн кездесу өткізілді, онда «Қазақстан-Испания»Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысын ұйымдастыру форматы мен өткізу кезеңіне қатысты мәселелер талқыланды. Испан тарапынан барлық шет елдермен іскерлік кеңестер отырыстарының ресми ұйымдастырушысы Испанияның Сауда палатасы болып табылады.

Халықаралық серіктестік

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар