- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Жасыл және көміртекті бейтарап экономикаға көшу - елдің басым стратегиялық міндеті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы экономикасының жасыл транзитін регламенттейтін, Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың орнына келген бірінші деңгейдегі құжат болды.
Холдингте төмен көміртекті даму жөніндегі ұлттық күн тәртібін орындауға жәрдемдесу мақсатында Басқарманың 2024 жылғы 4 шілдедегі шешімімен (№35/24 хаттама) Парниктік газдар шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілді, ол шығарындылар көлемін сәйкестендірудің, есепке алудың және верификациялаудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді, сондай-ақ Холдинг қызметінің орнықты даму саласындағы ашықтығын арттыруға және стратегиялық климаттық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі