30.04.2019

Шымкентте жасалатын трансформаторлар Иран, Ауғанстан және Пәкістанға жеткізіледі

Шымкентте жасалатын трансформаторлар Иран, Ауғанстан және Пәкістанға жеткізіледі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен Шымкентте жоғары вольтты трансформаторлар мен «Asia Trafo»  шунттаушы реакторлар өндірісі іске қосылды.

 

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, Орта Азияда зауыттың баламасы жоқ – ол 110кВ - 500кВ кернеу диапазонында қуаты бар трансформаторлар шығаратын өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Сонымен қатар, жабдық өзіндік бірегей технологиялар бойынша өндіріледі. Биылғы жылы осындай қуаттылықтағы электр энергетикалық жабдықтарды шығаруды жолға қою жоспарланып отыр. Өнім ТМД, Иран, Ауғанстан және Пәкістан елдерінің нарықтарына жеткізілетін болады. «Alageum Electric» компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, өндіріс көлемінің қуаты жылына 120 трансформаторды құрайтын болады, бұған қоса кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

 

Зауыт құрылысы 2017 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында басталды. Жобаның жалпы құны 18,9 млрд теңгені құрады, шамамен 8,7 млрд теңге көлеміндегі қаражатты 12 жыл мерзімге Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, "Бәйтерек" холдингінің "еншілес ұйымы) берді, Даму Банкінің еншілес ұйымы, ҚДБ-Лизинг те 5,9 млрд теңге көлемінде қаражат ұсынды.

 

Қаржыландыру жетекші еуропалық өндірушілерден технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылды. Бүгінгі күні қол жеткізіп отырған нәтиже ретінде Шымкент қаласындағы "Тассай" индустриялық аймағында 12 гектар аумақта орналасқан жоғары технологиялық зауытты айтуға болады. Жаңа зауыт «Alageum Electric» электротехникалық жабдықтар шығаратын жетекші қазақстандық өндірушінің құрамына енеді.

 

Жоба ҚДБ қызметінің қағидаттары мен басымдықтарына толығымен сәйкес келеді. Оның әлеуметтік-экономикалық ықпалы зор, жоба жоспарлы қуатқа шыққан кезде өңір мен ел экономикасына кәсіпорыннан шамамен 2 млрд теңге салық түсімдері түседі деп күтілуде.

 

«Бұл жоба бизнес пен мемлекеттің тиімді ынтымақтастығының жарқын үлгісі болып табылады. «Asia Trafo» жобалау тобының даму институттарымен, мемлекеттік ведомстволармен, ұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастығының арқасында жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары, оның ішінде инвестициялық преференцияларды, заттай гранттарды, төмендетілген мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды және басқалары ұсынылды» - деп атап өтті зауытты таныстыру барысында ҚДБ несиелік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова.

 

Айта кету керек, қазірдің өзінде жаңа кәсіпорынға алғашқы тапсырыстар келіп түсіп жатыр. Қазіргі таңда ең ірі сатып алушы KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания болып отыр. Олар 500 кВ кернеудегі ең жоғары қуатты шунттаушы реакторларды сатып алады. Зауыттың бірінші өнімін кәсіпорын басшылары Шымкент пен Түркістан облыстарында орнатпақ.

 

Анықтама:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен құрылды. Банк елдің шикізаттық емес секторына инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесуді көздейді.

 

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар