14.05.2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің 2019 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі алдын-ала бекітілді.

 

Холдингтің компаниялар тобының активтері 2019 жылдың қорытындысы бойынша 5 трлн 214 млрд теңгені құрап, 10,5%-ға өсті (2018 жылы – 4 трлн 719 млрд теңге), ал шоғырландырылған таза пайда 48,4%-ға өсіп, 51,5 млрд теңгені құрады (2018 жылы – 34,7 млрд теңге).

 

Отырысқа қатысушылар «Бәйтерек» холдингінің 2016-2020 жылдарға республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаржы ресурстарын пайдалануы туралы ақпаратпен танысты. Қаражат жоспарға сәйкес игерілуде. Сонымен, биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аталған кезеңде бөлінген 957,9 млрд теңге есебінен, қайтарылған қаражатты қайта игеруді ескере отырып, экономика 1 трлн 164,9 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды.

 

2

 

Директорлар кеңесі Холдингтің 2019 жылға арналған корпоративтік басқару кодексінің қағидалары мен ережелерінің сақталуы туралы есепті бекітті. Құжатта корпоративтік басқару қағидаттарының сақталуын бақылау нәтижелері және оның ережелерін орындау бойынша қабылданған іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілген.

 

Сонымен қатар отырыста Холдингтің 2020 жылғы I тоқсандағы тәуекелдер бойынша есебі және сол кезеңдегі Ішкі аудит қызметінің есебі бекітілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар