30.04.2019

Доминикан Республикасының кәсіпкерлері Қазақстанмен сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытуда

Доминикан Республикасының кәсіпкерлері Қазақстанмен сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытуда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы Құрметті консулы Томас Гонсалеспен және Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Елемесовпен кездесу өткізді.

 

Әнуар Омарходжаев мейманды Холдингтің қызметімен таныстырып, «Бәйтерек» ел экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Үкіметтің негізгі институты болып табылатынын атап өтті. Ол Холдинг пен оның еншілес компаниялары ірі, орта және шағын бизнесті, экспорттық әлеуетті дамытуды, халық үшін қолжетімді тұрғын үй салуды қолдайтынын, сондай-ақ технологиялар трансферті мен елдегі венчурлік экожүйені дамытумен айналысатынын атап өтті.

 

«Доминикан Республикасы Қазақстанның географиялық жағынан қарағанда ең жақын серіктесі емес екенін мойындау керек. Бірақ тарих көрсетіп оытрғандай, елдеріміздің көлемі мен алшақтығы, әсіресе жаһандану мен интеграция дәуірінде үлкен рөл атқармайтынын байқауға болады», - деп атап өтті Әнуар Омарходжаев.

 

Өз кезегінде Томас Гонсалес жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

 

«Біз Қазақстанда нарыққа шыққымыз келеді, себебі Қазақстаннан Доминиканға экспорт көлемі небәрі 5 миллион долларға жетеді. Бұл көрсеткіш жаман емес, бірақ ол одан да жақсы болуы мүмкін. Бізде Кариб аймағында астық пен түпкі өнімді өңдеушілердің бірі болып табылатын телекоммуникациялар, агробизнес саласында жұмыс істейтін өте үлкен компания бар. Сондай-ақ біз құрылыс бизнесімен және риэлторлық қызметтермен айналысамыз», - деді Томас Гонсалес.

 

Кездесу соңында екі жақ өзара қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.

 

Анықтама:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар