19.07.2018

Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Астана, 2018 жылғы 19 шілде. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Холдингтің 2017 жылға арналған жылдық есебі бекітілді, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру, қаржылық нәтижелер, Холдингтің есепті кезеңдегі маңызды оқиғалары және оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы ақпараттан тұрады.

«Бәйтерек» ҰБХ ҚР Президентінің Жарлығымен 2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында құрылды. Холдинг 11 еншілес ұйымды біріктірді.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен 2015–2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыруға арналған бюджеттік несиелер алуға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау аясында автобустар, тракторлар мен комбайндардың лизингін іске асыру мақсатында мәміле жасасуды мақұлдады.

Бұдан өзге, Директорлар кеңесі Холдингтің Даму жоспарын орындау және 2017 жылдың қорытындысы бойынша жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мақұлдады.

primeminister.kz

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар