11.10.2024
- Холдинг туралы
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті.
Отырыс барысында қаражатты тиімді пайдалану туралы есеп қарастырылып, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі аудит және тәуекелдерді басқару қызметтерінің 2018 жылдың ІІІ тоқсанындағы есептері тыңдалды.
Кездесу қатысушылары Холдингтің «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар вагондарының паркін жаңартуды лизингтік қаржыландыруы мақсатында келісімдер жасасу шешімін қабылдады. Одан басқа, Холдингтік Дивидендтік саясаты алдын ала мақұлданды және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің қарауына ұсынылды.
Сондай-ақ, отырыс қорытындылары бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.
Қызметтерді жоспарлау және бағалау жөніндегі комитет
Холдинг өкілдері үшін еншілес ұйымдардың органдарындағы қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша бірыңғай позиция құрайды, оның ішінде Холдингтің бір жылдық бюджетінің уақтылы әрі сапалы бекітілуін және орындалуын қамтамасыз етуде, даму жоспарын бекіту кезінде.
Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет
Активтер мен міндеттемелерді әртараптандыру принциптеріне қол жеткізу, қауіптерді оңтайландыру және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Холдинг пен еншілес ұйымдардың активтері мен міндеттемелерін басқару тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар құрады.
Инвестициялықкомитет
Тиімділікті жоғарылатуға, сондай-ақ Холдинг пен еншілес ұйымдардың инвестициялық қызметі мәселелері бойынша Холдинг пен еншілес ұйымдардың бірыңғай саясатын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитет
Даму Стратегиясын жүзеге асыру тиімділігін жоғарылатады, корпоративтік басқару және аналитикалық қолдау жүйесін жетілдіреді, сонымен қатар Холдинг пен еншілес ұйымдардың қызметіндегі тұрақты дамуды қамтамасыз етеді.
Вырабатывает единую позицию для представителей Холдинга по вопросам финансово-хозяйственной деятельности в органах дочерних организаций, в том числе при утверждении планов развития, обеспечения своевременного и качественного утверждения и исполнения годового бюджета Холдинга.Вырабатывает рекомендации по повышению эффективности управления активами и обязательствами Холдинга и дочерних организаций в целях достижения принципов диверсификации активов и обязательств, оптимизации рисков и обеспечение финансовой устойчивости.Содействует повышению эффективности, а также формированию единой политики Холдинга и его дочерних организаций по вопросам инвестиционной деятельности Холдинга и дочерних организаций.kz