24.12.2019

«Бәйтерек» холдингінің Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландырудағы рөлі

«Бәйтерек» холдингінің Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландырудағы рөлі

Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты институты - «Бәйтерек» холдингі стратегиясының негізгі міндеті болып табылады. Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қаржыландыруға               715 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы Холдинг өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласындағы 30 ірі жобаны қаржыландырды, сондай-ақ ШОБ-қа 483 млрд теңге сомасына кредит берілді. Бұл жұмыстың негізгі нәтижелерін арнайы дайындалған инфографикадан табуға болады.

 

инфографика каз

 

Анықтама үшін:

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар