25.10.2019

«Бәйтерек» холдингі мен UK Export Finance экспорттық мәмілені қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» холдингі мен UK Export Finance экспорттық мәмілені қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «UK Export Finance» экспорттық-кредиттік агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қоюшы тараптар Холдингтің Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова және Ұлыбританияның Халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Конор Бернс болды.

 

Құжатқа 23-24 қазанда Лондонда өткен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысы және «Kazakhstan Global Investment Forum» екінші инвестициялық форумы шеңберінде қол қойылды. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарды.

 

Атап айтсақ, Холдинг пен оның еншілес ұйымдары - «KazakhExport» ЭСК» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ экспорттық мәмілелерді қолдау және сауданы қаржыландыру құралдарын енгізу саласында британдық агенттікпен ынтымақтастық орнатты.

 

- Бұл арада сөз экспортты өзара қолдау туралы болып отыр. Тараптар британдық және қазақстандық тауарлардың экспортын қоса алғанда,  Қазақстандағы жобаларды құрылымдау, қаржыландыру және кепілдік беру саласында ынтымақтасады. Энергетика, металлургия, инфрақұрылым және көлік сияқты салаларға назар аударылады. Осы келісімнің орындалуын біздің еншілес ұйымымыз «KazakhExport» АҚ жүзеге асырады. Мұндай ынтымақтастық елдеріміз арасындағы сауданы арттыруға көмектеседі деп сенеміз», - деді Айнұр Қуатова.

 

Айта кету керек, Ұлыбритания тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Ұлыбритания сонымен бірге Қазақстандағы ең ірі алты инвестордың бірі болып табылады.

 

 

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның миссиясы («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарға қаржылық сақтандыру мен қаржылық емес қолдауды көрсету болып табылады.

 

Экспорттық кредиттерге кепілдік беру департаменті (UK Export Finance) - экспорттық-кредиттік агенттігі функцияларын орындайтын Ұлыбританияның Сауда және өнеркәсіп істері министрлігінің иелігіндегі Ұлыбританияның үкіметтік ұйымы. 1978 жылғы Экспортқа кепілдік беру және шетелдік инвестициялар туралы заңға сәйкес әрекет етеді. Ұйымның негізгі мақсаты - экспорттаушыларға экспорттық кредиттерді сақтандыру және екі жыл немесе одан да көп мерзімге кредит берген британдық банктерге өтемақы төлеу кепілдемесін беру арқылы Ұлыбританиядан экспортқа ықпал ету. Экспорттық кредиттерге кепілдік беру департаменті сонымен бірге Ұлыбританияның шетелдегі жеке инвестицияларын соғыс тәуекелдерінен, экспроприация тәуекелдерінен және кірісті шетелден аударуға шектеулерден сақтандырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар