11.03.2020

«Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда

«Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда

"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

 

Кездесуге сондай-ақ "Kazakh Invest "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "QazTech Ventures" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС сияқты жобаларға инвестиция тартумен айналысатын "Бәйтерек"холдингінің еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

 

"Бәйтерек" холдингі ішкі және сыртқы нарықта инвестициялар тарту және қаржы құралдарын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Стратегиялық жобаларды және меншікті бастамаларды қаржыландыру үшін Холдинг мемлекеттік көздерді алмастыра отырып , капиталдың сыртқы және ішкі нарықтарынан неғұрлым белсенді тартуға кірісті. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Холдинг 1,5 трлн теңге және 765 млн АҚШ долларын тартты . 2019 жылы нарықтық қарыз алу үлесі 62% құрады. 2023 жылға қарай бұл көрсеткішті 80%- ға жеткізу жоспарланып отыр .

 

2

 

Өз кезегінде Алмас Айдаров инвестициялар тарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасады.

 

Айта кету керек, "Бәйтерек" холдингі үкіметтік бастамаларды орындау аясында инвестиция тарту саласында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялармен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды . Сонымен, Ұлттық инвестициялық стратегияны, сондай-ақ инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде Kazakh Invest тоқсан сайын Холдингтің әлеуетті жобалары туралы ақпарат жіберіледі.

 

Сондай-ақ, тараптар инвестиция тарту үшін бірыңғай электронды алаң құру мәселесін талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар