Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

28.03.2025

Рустам Қарағойшин Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізді

Кеңес ал!

20.03.2025

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Наурыз мерекесін атап өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Наурыз мерекесін атап өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Аталған шара холдинг және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін біріктіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

Мереке аясында түрлі өнер ұжымдары қазақтың ұлттық биі мен әндерін орындап, домбырамен күмбірлеген күйлер тартылды. Сонымен қатар, қонақтар асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындарға қатысып, қазақ мәдениетінің бай мұрасымен етене танысуға мүмкіндік алды. Келушілер үшін киіз үй тігіліп, арнайы мерекелік дастархан жайылды.

Іс-шара «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде Наурыз мерекесінің халқымыз үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтіп, холдингтің ел экономикасын дамытудағы маңызды рөліне тоқталды. «Бәйтерек» кәсіпкерлікті, тұрғын үй құрылысын және өндірісті дамыту арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына үлес қосуда.

«Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрін жаңғыртып, бірлік пен ынтымақтың символына айналған ерекше мейрам. Бұл күн тек жаңа маусымның басталуы ғана емес, жаңару мен ізгіліктің жарқын көрінісі. Былтырдан бері еліміз Наурызды ерекше форматта, «Наурызнама» ретінде атап өтіп, оның мәні мен мазмұнын жаңа деңгейге көтеруде. Бұл дәстүр ата-бабаларымыздың мұрасын жаңғыртып, ұлт бірлігін нығайтуға ықпал етері сөзсіз», – деді Рустам Қарағойшин.

Іс-шара соңында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, Наурыздың тарихы мен оның қазіргі заманғы мәні туралы баяндалды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар